ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚОНЫС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

19:05, 29 қараша 2019

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодарда 70-тен аса отбасы баспанаға ие болады. Бүгін шаһарымыздағы Шөкин көшесінде №25-ші тұрғын үй қолданысқа берілді. Сарыарқа мөлтек ауданында көп қабатты жаңа үйдің пәтер кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табыс етілді.

Бүгінгі күн – павлодарлықтар үшін ерекше. Себебі, «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа 9 қабатты үй қолданысқа берілді. Тұрғындарға кілттерді аймақ басшысы Болат Бақауов салтанатты түрде табыс етті.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Осы құрылыс істеп жатқан тірліктердің барлығы Елбасымыздың арқасында.

Осыдан 3-4 жыл бұрын бұл жерге келгенім есімде. Әрібр отбасмыен кездесіп, сөйлесетінбіз. Басқа жерге көшсеңіздер, орнына жаңа үй салып береміз айтып едік. Сол кезде адамдар бізге сенбеген. Енді, міне бүгін жаңа үй бой көтерді. Сарыарқа мөлтек ауданында 2021 жылы толғымен жаңа тұрғы үйлермен жаңарады.

Жаңа баспанаға ие болғандардың ішінде мұғалімдер, зауыт және банк қызметкерлері бар. Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі тұрғын үймен танысып, баспаналы болып жатқан Серкебаевтар отбасына «қоныс құтты болсын!» айтты. Қос қуаныш қатар келген бұл әулетте сәбидің тұсау кесер рәсімі өтті. Болат Бақауов, балақайға ақжол тілеп, тұсауын кесті. Аймақ басшысы баспаналы болған отбасын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Баспанаға қол жеткізгендердің бірі – үш баланың анасы Эльмира Шәкенова. Жолдасы екеуі тұрғын үй кезегінде 9 жыл тұрған екен. 5 жыл бойы ақша жинап, «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

Эльмира Шәкенова, қала тұрғыны:

Осыған дейін иа, ата-анамызбен үш комнаталы пәтерде тұрдық. Бірақ, енді өзіміздің пәтеріміз болғаны дұрыс қой. Өйткені, біз үлкен отбасы болып саналамыз. Үш бірдей сәбиіміз бар. 29-шы қараша күні 29 деген киелі сан болып тұр, өйткені сәбилеріміз, егіз ретінде 29-шы қыркүйекте дүниеге келді. Мен өзім 29 жасымда 29-шы пәтердің кілтін алып отырмыз. Ырымшыл халықпыз ғой, жақсылыққа жорысын.

Жас отбасы көп жыл бойы армандаған баспаналарына қол жеткізді. Жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатындарына дән риза.

Эльмира Шәкенова, қала тұрғыны:

Әрине, өте-өте қуаныштымыз. Сөзбен жеткіз е алмайсың. Өз үйімізге жеттік әйтеуір. Өз пәтеріміз, өз меншігіміз бар. Өзім толқып тұрмын.

Пәтер бөлмелері кең әрі жарық. Қосымша жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Екі подьезді ғимаратта 71 пәтер бар. Айта кетерлігі, бүгінде «Сарыарқа» мөлтек ауданында 22 тұрғын үй қолданысқа берліген. Бұдан бөлек тағы 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар 2020 жылы пайдалануға беріледі.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...