Көмір-химия саласын одан әрі дамыту үшін ғалымдардың көмегі қажет

Өңірімізде көмір-химия саласын одан әрі дамыту үшін ғалымдар тарапынан көмек қажет болады. Бұл туралы облыстық әкімдікте ірі кәсіпорын басшылары мен «Химия, көмір және технологиялар институты» өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында белгілі болды. Яғни, қатты отынды тереңдете өңдеу үшін көршілес Қытай мемлекеті іспеттес, жаңа технологиялық жүйеге көшуіміз міндет.

14:58, 18 мамыр 2017   36

Павлодар облысы республика бойынша көмірді тереңдете өңдеу тұрғысында әлеуеті мен іс-тәжірибесі мол аймақтардың бірі,-дейді, Көмір және технологиялар институтының директоры Болат Ермағамбет. Ертіс өңірі-республиканың барлық аймақтарын қажетті тыңайтқыштармен толығымен қамтамасыз ете алады. Ғалымдар бұл үшін қатты отынды қайта өңдейтін  жаңа технологиялармен жұмыс жасауға көшу қажет екенін айтуда. Ал, осы саланың көшбасшысы бүгінде қытайлықтар екені анық. Яғни, қатты отынды қайта өңдеудің жаңа технологиясын қолданысқа енгізу үшін мықты ғалымдардың көмегі керек. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Бұл ретте, ірі кәсіпорын басшыларын көмірді қалайша тереңдете өңдеуге болатыны қызықтырды. Анығы, қатты отынды өңдеудің жаңа технологиясын қолданбас бұрын ғалымдар көмегі ауадай қажет. Өңір басшысы Болат Бақауов аталмыш институт ғалымдары кез-келген кәсіпорынға көмек көрсетуге  дайын екендіктерін айтты. 

БОЛАТ ЕРМАҒАМБЕТ, «Химия, көмір және технологиялар институты» ЖШС директоры

Жиын соңында облыс басшысы Болат Бақауов көмір өңдеумен айналысатын барлық кәсіпорындарға жаңа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Кейін, келіп түскен ұсыныстар реті жинақталып  ғалымдар назарына ұсынылатын болады.

Автор: Назерке Қанағат

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26