ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ЗАТТАРЫ ТАБЫЛДЫ

20:40, 9 тамыз 2020

Железин ауданындағы су құбырларын өткізу жұмыстары барысында жер астынан қола дәуіріне тиесілі қыш құмыралар табылды. Бұл баспасөз қызметі сапары аясында белгілі болып отыр. Қола дәуірінде бұл жерлерге адамдар жерленген деген болжам жасап отыр археологтар.

Александр Безлуцкийдің бұл ауылда тұғанына 40 жылдың жүзі болыпты. Бірақ, ол үйінің жанында құнды жәдігерлер бар екендігі үш ұйықтасам да түсіме кірмеген, -дейді. Қыш құмыралардың сынығы ауыз су құбырын өткізу барысында табылған.

Александр Безлуцкий, ауыл тұрғыны:

Тарихи құнды жәдігерлер дәл біздің үйдің жанынан табылды. Бұл жерде менің ата анам тұрған. Мен өзім осында тұрғалы 40 жыл болды. Бұл туралы ешқашан естіген емеспіз. Иә, біздің ауыл- ескі ауыл. Ал, қола дәуіріне тиесілі заттар бар деген ешкімнің де ойына келген емес. Су құбырын салу кезінде ғана анықталып отыр.

Қазіргі таңда бұл жерде археологтар жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта жәдігерлер табылған жерді тағы бір мәрте қазуды жоспарлап отыр.

Жақсыбек Нұртаев, «ERTIS» мультимедиялық музейі археология бөлімінің меңгерушісі:

Жалпы, б.з.д. 2-ші мыңжылдықтың орта кезеңі сол уақытта өмір сүрген адамдардың құмыралары, жерлеуге арнайы жасалған қыш құмыралар. Әрине, қазба жұмыстарын жасауға болады. бүгінгі күні бұл жерде бір ғана жерлеу орыны табылған жоқ. бұл жерде бірнеше жерлеу орындары анықталған болатын. Яғни бұл, тұтастай бір қорым деп айтуға болады. өйткені сондай көп жәдігерлер табылды. Көп жердегі орындар анықталды осы жерде. Біз әрбір табылған заттардың жерлерін анықтап қойдық.

Барлық жәдігерлер, яғни 4 құмыра мен 13 қыш ыдыстың сынықтары 1-2 мерт тереңдіктен табылған. Олардың ара-қашықтықтары 5-6 метрді құрайды. Айта кету керек, барлық заттар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табысталатын болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...