Көктемгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары бір кісідей ат салысулары тиіс

Өңірімізде 15 сәуірден 15 мамырға дейін тазалық айы болып жарияланған болатын. Яғни, әр аптаның сенбісінде қала тұрғындары белгіленген аумақтар бойынша тазалық жұмыстарын жүргізеді. Ал, тұрғындар, кәсіпкерлер мен жеке сектор иелері аумақтарының тазалығын бақылау – мемлекеттік құрылым қызметкерлеріне сеніп тапсырылды. Енді берілген обьектілердің жинастырылуы мен абаттандырылуы үшін мемлекеттік мекеме өкілдері жауапты.

14:21, 20 сәуір 2017   102

Көктемгі тазалық жұмыстарына  қала тұрғындары бір кісідей ат салысулары тиіс. Бұл ретте бір ай бойы, барлық қала көшелері, жаяужолдар мен тұрғын-үй аулалары  жинастырылады. Ал, әрбір незігзі және қосалқы көшелерге мемлекеттік құрылым қызметкерлері жауапты. Бұл ретте, атқарушы орған өкілдеріне 100 бірдей көшенің тазалығы сеніп тапсырылды.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, Павлодар қаласының әкімі

Сондай-ақ, атқарушы орган өкілдері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізбейтін жеке кәсіпкерлер туралы жергілікті полицияға хабарлауға құқылы. Айта кетейік, жыл басынан бері қар және қоқыс үйінділерін тазаламағаны үшін 28 нысан иесіне айыппұл салынды. Алайда, қала әкімі біздің міндетіміз, оларға айыппұл салып пайда көру емес, керісінше осылайша ықпал етіп кәсіпкерлерді сенбілікке шақыру,- дейді.

Сондай-ақ, Нұржан Әшімбетов биыл 111 аулаға асфальт төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал, мердігер ұйымдар қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдар салатын болады. Бір аулаға шамамен 5-6 миллион қаржы бөлінеді.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, Павлодар қаласының әкімі

22 сәуірде өтетін сенбілікте 275 түп ағаш пен 1000 түп көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Ал, алдағы сенбіліккке қатысты сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 32-07-19 нөміріне хабарласып мемлекеттік құрылым қызметкерлерінен ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, тазалық күні қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына хабарласып қоқыс шығару техниканысына тапсырыс беруге болады. Ол үшін 34-04-66, 8-701-536-35-14 хабарласыңыздар.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26