Көктемгі тасқынның алдын алуға 893 млн. теңге қаржы бөлінді

17:38, 16 наурыз 2017

Көктемгі тасқын сулардан сақтану шараларына Павлодар облысы бюджетінен 893 млн.теңге қаржы бөлу қарастырылды. Себебі, биылғы қыс ерекше. Қырдағы қардың орташа қалындығы 27 см. Бұл нормадағыдан 1,5 есе жоғары.

Болжам бойынша  наурыздың 20-нан бастап аймақта күн жылына бастайды. Тіпті, күрт ериді деген дерек бар. Бұл қар басқан елді мекен тұрғындары үшін үлкен қарбалас тудыруы мүмкін. Себебі, қазірдің өзінде кейбір тұрғындар қолдағы азын аулақ малдарын әупіріммен ұстап отыр. Қорадағы түлікті  құдыққа айдап апара алмайды. Жемазық пен суды қолмен тасып беріп жатыр. Ал, қардың көбесі әлі сөгілген жоқ. Тіпті, күн ара бұрқасындатып тұр. Сондықтан су басу қаупі бар ауылдардың саны өсіп келеді. 

ӘЛІБЕК ДЛИМОВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы

 

Тақырып бойынша материалдар

Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
18:45, 22 ақпан 2018
Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
Толығырақ...
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
18:40, 22 ақпан 2018
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
Толығырақ...
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында 7 бірдей энергоблокқа электросүзгілер орнатылды
18:34, 22 ақпан 2018
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қорш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
19:56, 16 ақпан 2018
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
Толығырақ...