ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР БАҚЫЛАУДА

20:03, 6 желтоқсан 2019

Автобус аялдамаларында рейд өтті. Қалалық әкімдік пен жергілікті қоғам өкілдерінен құралған сараптамалық топ қоғамдық көліктің жүріс-тұрысын тексеріп, рейд өткізді. Тексеріс, қала тұрғындарының наразылығынан кейін ұйымдастырылды.

Билік өкілдері ала таңнан аялдамаларды аралап жүр. Аялдамада автобус күтіп асыққан адамдардың қарасы көп емес.  Бірақ автобустар әрдайым уақытында келе бермейтіндігін айтады. Жүргіншілер қоғамдық көлікті 20-30 минут күтуге мәжбүр. Тексерушілер Усолка шағын ауданынан Жасыбай аялдамасына дейін барды. Сондай-ақ, 151-ші бағытта жүретін маршрутқа шағымдар бар. Тұрғындар қозғалыстың үлкен интервалына және көліктің үнемі толықтығына шағын айтады.

Анастасия Мащак, қала тұрғыны:

Қазір 20-30 минут сайын жүреді. Бұрын 15 минуттан күтетінбіз. Бір маршрутты алып тастағандықтан жарты сағат күткен кездер де болды.  Мен баламмен жолға шығамын. Кейбір кезде аяқ басар жер болмайды. Ал егер кірмесек, балабақшаға кешігеміз.

Естеріңізге сала кетейік, мониторингтік топ қала басшысының бастамасымен құрылған. Сондай-ақ, Қайрат Нүкенов қала тұрғындары үшін ашық және әрдайым сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтқан.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Тұрғындар мен тасымалдаушылар бірігіп, тұрғындардың автобустарының қажеттілігін қанағаттандыратын кестені құрғанын қалаймын. Егер автобус аралықтары жайлы сұрақтар болса. Менің жеке телефоныма: 8 701 736 68 74 хабарласуларыңызды сұраймын.

Комиссия мүшелері барлық кемшіліктер ескерілетіндігін тілге тиек етті. Қазіргі уақытта маршруттар аралығы 6 минут. Бірақ бұл түпкілікті шешім емес. Жұмыс тобы күндізгі және кешкі уақытта шығып, қорытынды бойынша бірыңғай шешімге келеді.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар