ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

«ҚИЯЛ ҚАНАТЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

19:49, 27 қыркүйек 2020

Павлодарлық екі өнерпаз бірлесе отырып республикалық дуэт, поэзия мен сурет конкурсында жеңіске жетті. Бірі өлең жазса, бірі сурет салады. Байқау Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Бұл Орал қаласында өткен халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағаливтің 100-жылдығына арналған республикалық онлайн байқауға ұсынылған бейне ролик. Онда екі өнерпаздың конкурсқа ұсынған туындылары. Айта кетейік, «Қиял қанаты» дуэт  конкурсына біздің өңірден ақын Алпысбай Хонж бен суретші Жеңіс Молдабеков қатысты.

Алпысбай Хонж, ақын:

Жұбан ақынның туған жері Жайықтың жағасында, Оралдың қаласында «Қиыл қанаты» байқау ұйымдастырылды. Көктем айында жарияланды. Бұл байқаудың ерекшелігі бірден көзге түсті. Сөзбен бояу дуэт. Яғни ақын өлең жазады, соған сәйкес суретші сурет салады.

Осылайша байқауға арнап Алпысбай Әбдібекұлы «Мен Жұбанмын» өлеңін жазды. Ақынның сөзінше, өлеңнің бастапқыда бірнеше нұсқасы болған. Алайда өңделген, қонымды дегенін үміт арқалап бәйгеге қосты. Ал, өлең желісімен туған сурет, кенеп бетіне майлы бояумен салынған. Онда Жұбан ақынның өмірі мен өнеріне байланысты дүниелер суреттелген.

Жеңіс Молдабеков, суретші:

Бір айдың көлемінде кенеп бетіне майлы бояумен туындыны бейнеледім. Алпысбай ақынның өлеңтжолдары. Ар жағынан арсылдап, айбаттанып жолбарыс салғым келді. Тайпақ ауылы бар, ар жағында соғыстың да бейнесін қостым. Естелік тастарды орналастырдым.

Байқауға 17 дуэт қатысыпты. Қазылар алқасы жыр мен суреттің бір-бірімен үндестігіне баға берген. Айта кететіні, баға берушілер үміткерлердің аты-жөнін, қай өңірден екенін білмеген. Қатысушыларда бүркеншік ат болған. Сондықтан конкурстың әділ өткенін осыдан байқауға болады. Олардың ішінен павлодарлық өнерпаздар үздік атанды. Ақын мен суретші өзара бірлесіп, республикалық байқаудың бас жүлдесіне ие болды.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар