ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

КӘСІП ТҮБІ - НӘСІП

16:20, 10 қыркүйек 2019

Мемлекеттік бағдарламаның игілігіне қол жеткізгендердің бірі Қуаныш Сағантаев. Жас кәсіпкерлерді қолдау үшін берілетін грант түріндегі несиелік қаржыға ие болған уәсіп иесі, шаһарда асхана ашып, оннан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Кәсіпкер Қуаныш Сағантаев «Еңбек» бағдарламасы арқылы 2018 жылы өз кәсібін ашу үшін 6 пайызбен шағын несие алған. Осылайша тәулік бойы жұмыс жасайтын асхана мен хостел ашқан. Тамақтану орнында 15 адам жұмыспен қамтылған. Жаңадан тағы 6 жұмыс орны ашылып жатыр. Кәсіпкер жұмыс жасаймын деген жандар үшін мүмкіндік көп дейді.

Қуаныш Сағантаев, кәсіпкер:

Бұл ғимарат 1000 шаршы метрді құрайтын тәуләік бойы жұмыс жасайытн асхана. Мен «Еңбек» бағдарламасы бойынша 12 жарым миллион несие алдым. Бұл ақша маған көп көмектесті. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Қазір шағын бизнесім хостелді аштық.

Кәсіпкер алдағы уақытта сұлулық салонын ашуды жоспарлап жүр. Айта кету керек, биылғы жылы қала бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына 386 миллион 700 мың теңге бөлінген.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...