ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

КӘСІБІНЕН НӘСІП ТАУЫП ОТЫР

16:18, 10 қыркүйек 2019

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнес аясын кеңейту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасайды. Олардың барлығы дерлік өз кәсібін ашамын деушілерге бағыт-бағдар беріп, аяққа тұруға көмектеседі. Сонымен қатар қайтарымсыз грант та көптеп бөлінуде. Аталмыш жүйе арқылы ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі Күлікбай Боранбаев.

Күлікбай Боранбаев мемлекеттік бағдарлама туралы жақында ғана естіген. Жастайынан құрылысқа икемі бар жігіт, бір айлық курстан өтіп, сертификатты қолға тигізеді. Мемлекет тарапынан бөлінген грантқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Күлікбай Боранбаев, кәсіпкер:

Акиматта маған осындай программа шығып жатыр деді. Соған келіп қатысуға болады деді. Бір айдың көлемінде оқып, сертификат алдым. Бір айдың ішінде счет ашқызылып, маған 240 мың грант берілді. Соған мен өзіме құрылыс саймандарын алдым.

Кәсіпкер әзірге бар жұмысты жалғыз істейді. Болашақта бизнес ауқымы кеңейіп жататын болса, бұл іске ізбасарларын баулымақ. Ал, өңірде осындай бағдарламалар арқылы несие алып отырғандар баршылық. Ниет білдіргендерге қолдау көрсетуде «Нұр Отан» партиясының да үлесі зор.

Илья Теренченко, облыстық «Nur otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Шарбақты ауданының тұрғыны 300 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алды.  Ол құрылыс саласында өз кәсібін дөңгелетемін деп отыр. Яғни, тапсырыс бойынша шағын жөндеу жұмыстарымен айналысады. Бұл сомма оған ісін бастауға көмектеседі.

Кәсіпкерлерге үкімет тарапынан ұсынылып отырған гранттар қайтарымсыз екендігін айта кеткен жөн. Бастаған іс алға қадам басар болса, жеңілдетілген пайызбен несие алу мүмкіндігі де қарастырылған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...