ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

КЕСЕНЕГЕ БАРАР ЖОЛ

19:06, 11 шілде 2019

Осы жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне баратын жол толығымен асфальтталады. Әулиенің басына апаратын жолға жөндеу жұмыстары екі жағынан да жасалып жатыр. Мердігер компания суық түспей жол салу жұмыстарын аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп, құрылыс барысымен танысып қайтты.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесіне баратын жолды жөндеуге облыс әкімдігі баса назар аударып отыр. Екібастұз – Бесқауға бағыты көптен бері кесенеге келушілердің көңілінен шықпай жүргені жасырын емес еді. Киелі орынға баратын жол жоқтың қасы, асфальт мүлде жоқ. Енді, күрделі жөндеуден кейін даңғыл жол салынатын болады. Бұл да болса туризмді дамытудың басты бағыттарының бірі. 

Қанат Мүскенов, Екібастұз қалдалық түкш бөлімінің басшысы:

Біз қазір Екібастұз-Бесқауға бағытындағы учаскеде тұрмыз. Бұл екі жылға жоспарланған жоба. Бюджеттен екі млн теңге бөлінді.

Барлығы 60 шақырым жол жөнделеді. Оның 41 шақырымы «Тамыр» ЖШС-не тиесілі. Қазірдің өзінде жұмыстың көп бөлігі аяқталған. Мердігерлер мерзімді уақытта жұмысты аяқтап тапсырамыз дейді.

Бақытжан Екпенбай, «ТАМЫР» ЖШС өкілі:

Біз 41 шақырым жолды жөндейміз. График бойынша тамыз айында аяқтауымыз тиіс. 

Аймақ басшысы Болат Бақауов, жолды өз көзімен көріп сапасына қанық болды.

Бұл жол арқылы Баянауылдағы демалыс орындарына тура тартуға болады. Егер, мердігер компания мерзімінде аяқтайтын болса осы күзде екі жақтан келетін жол түйіседі. Облыс әкімі жаздың жайдары күндерін пайдаланып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Техниканы жеделтету қажет. Жаздың күнін пайдаланып жұмысты тездетіңіздер. Қысқа қалып қоюға болмайды.

Жұмыс сапары барысында Болат Бақауов, Қоңыр әулиеге баратын жолды жөндеуді аудан билігіне жүктеді.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Гүлмира БАҚТИЯРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
19:48, 6 желтоқсан 2019
ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...