ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

КЕНЖЕКӨЛДЕГІ ИЖС-1 ОРТАЛЫҚ ЖАРЫҚТАНДЫРУҒА ҚОСЫЛАДЫ

20:24, 12 наурыз 2019

Кенжекөлдегі бұрынғы ипподром аумағына салынған жеке тұрғын үйлер орталық электр қуатына қосылатын болады. Олар бұған дейін әуежайдың электр стансасынан жарық алып келген. Ертеңнен бастап кезең кезеңімен орталықтандырылған электр бекетіне қосу жұмыстары басталады.

Бұрынғы ипподром аумағында екі қабатты бір типтік коттедж үйлер салынып жатыр. Ол жаққа қазір бағаналар тұрғызылып, жарық орнатылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін су және кәріз жүйелері де тартылады. Бұл аумақта біраз жыл бұрын жер телімін сатып алып, өз беттерінше үй салып алған тұрғындар бар. Олар осы уақытқа дейін жарықты әуежайдың стансасынан алып келді.

Жанат Әріпбаев, Кенжекөл тұрғыны

Міне мына жақтағы үйлерде аэропорттан алып отыр, ана үй аэропорттан алып отыр. Жердің астымен кабель өткізгенбіз. Ал енді мынаған әлі подключение жоқ. Қашан екенін білмеймін, айтқан жоқ ештеңе.     

Кенжекөлдегі жеке тұрғын үй салынып жатқан аумақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген. Бұл жұмыстар негізі 2017 жылы аяқталу керек еді. Алайда, жергілікті әкімшіліктің ұсынысымен жоба қайта қаралып, содан болып жарық тарту жұмыстары созылып кетті.

Серік Шуақбаев, Кенжекөл ауылының әкімі

2017 жылдан бастап енді мынау кішкене созылып кетті. Өйткені, Дружба көшесінде бұдан әлгі он столба қойды. Дөкей-дөкей столба. Біз проектировчиктерді шақыртып, директорларын шақыртып қазір кішкене өзгертіп, енді олар столбаларды алып тастады да біз проектіні өзгерттік.       

Бүгінгі таңда бақылау техникалық бекеті мен орталық тарату бекеті дайын. Қазір ішкі жарықтандыру жұмысы жүріп жатыр. Тек, орталық электр желісіне қосу кезінде жарықтың уақытпен өшірілетінін ескертеді. 

Ал, жергілікті әкімдік жеке тұрғын үй иелеріне уақытты оздырмай жарық тартылып болғанша қажетті құжаттарын әзірлеп қоюды сұрайды.  

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
14:31, 20 наурыз 2019
АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар