Кейбір аудандар жастар саясатын жүзеге асыруға немқұрайлық танытып отыр

14:52, 18 мамыр 2017

Өңіріміздегі кейбір аудандар жастар саясатын жүзеге асыруға немқұрайлық танытып отыр. Мәселен, кей өлкелерде бұл бағыттағы жұмысқа небәрі 200 мың теңге қаржы бөлінген. Ал жастар саясаты басқармасы болса, биылғы жылы бірқатар ауқымды жобаларды қолға алмақ. Бұл ретте, өңірімізде 2017 жылы 450-ге жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Оған 60 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Аймағымызда жастар саясатын жүзеге асыруға айрықша мән беріліп отыр. Тиісті басқарма қоғамның осынау белсенді тобын еңбекпен қамтуға, түрлі әлеуметтік жобаларға жұмылдыру бағытында қомақты жұмыс атқаруда. Ал 27 маусымда өңірімізде дәстүрлі «Ертіс толқыны»  жайдарман ойындары өткізіледі. Аталмыш байдаудың биыл өткзілу орны ауыстырылып, таңдау Павлодар қаласына түсті. Ал тамыз айында Баянауыл баурайында «Хан қорық» халықаралық экологиялық жобасы өтеді. Жазғы уақытта Гагарин саябағында «Достық алаңы» атты этномәдени жоба мен түрлі музыкалық конкурстар және заманауи би сайыстары ұйымдастырылмақ. Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс аясында орындалатын іс-шараларға жауапты басқарма мамандары бекітілген. 

НАТАЛЬЯ НЕФЁДОВА, Павлодар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы 

Басқарма басшысы атап өткендей, 2017 жылы «Жасыл ел» жасағының республикалық трансфертінің арқасында мемлекеттік тапсырыстың құны 108 млн 200 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, жиын барысында жастар саясатын дамытуға ең аз қаражат 200 мың теңге бөлген Павлодар ауданы мен Успен ауданы басшыларына ескерту жасалды. Себебі, жастар саясатын дамытуға орташа есеппен 500 мың бөлінуі тиіс. Мардымсыз қаржы бөлген әкімдіктер сынға алынды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
Біздің облыста Контрафактілі тауарлардың көзін жою барысында қандай жұмыстар атқарылуда?
18:57, 18 қазан 2017
Біздің облыста Контрафактілі тауарлардың көзін жою барысында...
Толығырақ...
Павлодарда мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өткізілді
18:55, 18 қазан 2017
Павлодарда мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі өткізілд...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
19:37, 13 қазан 2017
«Шаңырақ» байқауының өңірлік үздіктері марапатталды
Толығырақ...
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
19:18, 13 қазан 2017
Павлодарда 50-ден аса жол айрығы жөндеуді талап етеді
Толығырақ...
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
19:15, 13 қазан 2017
ҚР ОСК бақылаушылары қырғызстанға бармайды
Толығырақ...