ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАЖЫРЫ ҚАЙТПАҒАН ҚАРТ ЖАУЫНГЕР

11:24, 14 ақпан 2020

Қанды қырғынды көзімен көрген қарт жауынгерлердің қатары күн санап сиреп барады. Облыс бойынша 62 Екінші дүниежүзілік соғыс куәгері қалды. Солардың бірі, бүгінде жасы жүзге жуықтап қалған Сембай Темешұлы. Небәрі 18 жасында соғысқа аттанған бозбала Сембай, 1944 жылы екінші топтағы мүгедек болып, елге оралды.

1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс талай отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, халықты қара жамылдырды. Сол қырғынға қатысып аман қалған ардагерлер қазір өңірлерде саусақпен санарлық. 1942 жылы 18 жасында майданға аттанған Сембай Темешұлы,  ақпанның 25- де 98 жасқа толады. Ғасырға жуық ғұмыр кешсе де, қанды көйлек достары мен қан кешкен күндер әлі есінде.

Сембай Темешұлы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Декабрьдің 19-да ма наступление екі рет соғысқа кірдім. Екеуінде де аман шықтым. Үшінші кіргенде екі аяғымнан жараландым. Соғыстың неше түрлі әдістері бар ғой. Склейка 02:08 15-20 шақырым жерден залпым жібереді пушканы. 20-30 снаряд сразу. Ол 300-500 метрдей біздің алдымызға түсіп отырады. Бізге түспейді немістерге түсіп отырады. 

Сембай Темешұлы, 1-2-3 Украин майданында болып, Киевті азат ету шайқастарына қатысты. Екі аяғынан жараланғаннан кейін 20 күндей госпитальда жатып, 1944 жылы  екінші топтағы мүгедек болып елге оралады. Елге келген соң мектепте әскери дайындық сабағынан тәлім беріп,  кейін өзінің мамандығы бойынша зоотехник болды. Бүгінде жасы жүзге жуықтаған қарт жауынгер жүз жасаудың сырымен бөлісті.

Сембай Темешұлы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Жағдайға да байланысты, тұрмысқа. Денсауылққа да байланысты. Ең бірінші арақ, темекі құртатын осылар. Мен өмірімде темекі атқан жоқпын.

Сембай Темешұлы әлі тың, үй ішінде өзі жүріп тұрады. Газет оқып, арасында теледидар да тамашалайды. Ғасыр жасаған ақсақалдың батасы бізге бұйырды. Біз де экран арқылы көрермендерге жолдауды жөн көрдік.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар