ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРУ ТОҚТАТЫЛДЫ

10:31, 30 маусым 2020

Әлемдік індет мұсылман мемлекеттерін де айналып өтпеді. Пандемияға байланысты мешіттердің қызметі қысқартылған еді. Биыл қажылық сапарына де шектеу қойылатын болды.

Жыл басында Умра қажылыққа баруға ниет білдіргендер көп болған. Мешіт қызметкерлеріне хабарласып, қажылыққа барудың уақытын, жай-жапсарын сұрап жатқандар да жетерлік. Алайда, әлемдік ахуалға байланысты қажылыққа бару тоқтатылды. Былтыр облыс бойынша 70-ке жуық адам қажылық сапар шеккен екен.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:

Мұсылмандардың жылда жиналатын қасиетті болған мекеніміз Мекке де, Мәдина да қазіргі уақытта үлкен бір сынақтан өтіп жатыр. Сондықтан да бұл жыл Саудия мемлекетінің шешімініе орай үлкен қажылық бұл жыл Саудияда болмайды. Сондықтан да біздер енді бұл Саудия мемлекетінің осындай нұсқауына біздер қарсы шықпауымыз керек, сабыр етуіміз керек. Бұл жылы үлкен қажылық болмайды.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар