ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ ШЕРХАН МҰРТАЗА ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

15:51, 10 қазан 2018

Қазақ руханияты ауыр қазаға душар болды. 87 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза дүниеден өтті. Әр жылдары елдің әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға мәңгілік ел жадында.

Шерхан Мұртаза - 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы  Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын көркем әдебиет баспасынан бастаған Шерхан Мұртаза әр жылдары  «Жас алаш», «Егемен Қазақстан» және «Жұлдыз» журналының бас редакторы, «Қазақстан» мемлекеттік телерадио  компаниясының төрағасы сынды бірқатар лауазымды қызметтер атқарды. Сондай-ақ, 2-ші шақырылған парламент мәжілісінің депутаты да болды. Ел ауызында Шерағаң аталып кеткен  қабырғалы қаламгер шындықтың жаршысы ретінде ел есінде қалды.

ҒАЛЫМБЕК ЖҰМАТОВ – жазушы

Шерағаң әдебиетіміздің бір кезеңінің басы десек те, кезеңнің жетекшісі ретінде жүрді десек те толықтай мүмкіндік бар. Өйткені, өзі өткір, өзі батыл, қай уақытта болса да, қай кезеңде болмаса да, өзінің шығрамашылығымен біздің егеменді еліміздің дамуына барынша үлес қосып, барынша шыншылдықпен ойын айтып, солардың дамуына өзінің үлесін танытты.

Шерхан Мұртазаның қаламынан шыққан шығармалар бүтін бір буынды тәрбиеледі. Жазушының әр жылдары жазылған «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді», «Не жетпейді?», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды. Сондықтан  да марқұм ел есінде  тек қаламгер ғана емес, қоғам қайраткері ретінде  мәңгі сақталады.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...