ШҰҒЫЛ! ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ Толығырақ

ТАҚЫРЫБЫ: 2019 ЖЫЛ - ЖАСТАР ЖЫЛЫ

22:20, 11 қаңтар 2019

Павлодар мұнай химия зауытында жастарға арналып білім орталығы ашылады. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 400-ден аса жас қызмет етуде. Бұл олардың бос уақытын тиімді пайдаланып, өз жоспараларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Жастар жылында тағы қандай тың жаңалықтар орын алмақ. Онымен тілші таныстырсын.

Өткен жыл жастар үшін ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтарға толы болды. Алға қойылған айқын мақсатқа жету жолында бірқатар шаруалар да атқарылды. Орталық мамандарының бастамасымен қоғамдағы өзекті мәселелер қарастырылған 57 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылған.  2018  жылдың қорытындысы бойынша 1 150 жас жұмыспен қамтылды.

ТӨЛЕГЕН АЙТБАЕВ, ЖАСТАР  БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2018  жыл Жастар бастамаларын дамыту орталығы үшін жемісіті жыл болды деп ойлаймыз. Өйткені, осы жылы жаңа жобалар атқардық. Іске асты. Яғни, ең үлкен жобалардың бірі облысымызда ең алғашқы Ай-Ти орталық біздің орталықта наурыз айында ашылды.

Жастар жылы  жастары назарынан тыс қалмауы керек! Барлық жастар ұйымы бірлесіп, жұмыс атқаруға мүдделі.  Бұл орайда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты елеулі  жұмыстарды бастап кетті.  24 қаңтарда Павлодар мұнай химия зауытында  жастарға арналып білім орталығы ашылмақ.

САНИРА ЖҮСІПОВА  «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ПОФ ТӨРАЙЫМЫ

Жалпы Павлодар облысы бойынша партиялық жобасы аясында Білім орталығы жобасы 2018 жылы бастау алған. Бүгінгі таңда 28 білім орталығы бар қала аудандарда. 25 білім орталығы ол кітапхана негізінде орналасқан. Павлодар қаласы бойынша 4 білім орталығы бар.Ал шалғай ауылдарда бүгінгі таңда білім орталықтары  жұмыс істейді.

Жастар жылына арналған тың жобалар легін үкіметтік емес ұйымдарда қолдап отыр. Осы ретте, «JEBE» қоғамдық бірлестігі жастарды ұлттық рухта тәрбиелейтін тың жобаларын ұсынбақ.

ДАНИЯР ЖҰМАДІЛ - «JEBE» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

«JEBE» қоғамдық бірлестігінің жалпы өзінің жарғылық мақсаты бұл жастарды – ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Салт-дәстүрді дамыту, қазақ тілін, мемлекеттітк тілді жастар арасында насихаттау. Біз Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болғанымен, әлі күнге дейін жастар арасында осы руханият мәселесі, ұлттық құндылықта, діл, дін, тіл мәселесі әлі күнге дейін өзекті қалып отыр. Сондықтан, биылғы жастар жылын пайдалана отырып, біз осы бағыттарға ерекше бір күш салсақ па деген ниетіміз бар.

Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Елбасының осынау сөзі әрбір жасқа үлкен сенім артып отыр. Осы сенімді ақтауда  олар бар күш-жігерін салып бақпақ.

Автор: Өзгеріс ҚУАНАР.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
21:47, 18 қаңтар 2019
ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
19:30, 14 қаңтар 2019
ПАВЛОДАРДА «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Толығырақ...