Қазақстан Республикасы Мәжіліс депуттары Ақтоғай ауданында

16:45, 10 қаңтар 2017

ҚР Мәжіліс депуттары бүгін Ақтоғай ауданында болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында халық қалаулылары ауданның негізгі өнеркәсіп локомотиві саналатын «Ақтоғай-Агро» серіктестігінің кешендерін аралып көріп, өлкедегі агро-техникалық колледждің оқытушыларымен кездесті.

Ақтоғай ауданы бүгінде  өсімдік шарушылығына ден  қойған өлкелердің бірі.  Мәселен,  мұндағы «Ақтоғай-Агро»  ЖШС   картоп  пен көкеніс өнімдерін  өсіретін  ірі шарушалық.  Алдымен ат басын  осы мекенге  бұрған  халық қалаулылары   серіктестіктің техникалық базасымен  танысып, заманауи технологиялық құралдардың  жұмыс істеу қарқынын көрді.  Өткен  жылы  бұл   серіктестік   картоп пен көкеніс өнімін мол жинады. Енді алдағы жылы  да мол өнім алуға ниетті. Шаруашылық  егіншілік пен қатар   мал шаруашылығына да ден қойып,   тауарлы сүт фермасын салуды да жоспарлап отыр. 

Депутттар  аялдаған  келесі бір орын  ауыл шарушалығы мамандарын даярлайтын Ақтоғай агро-техникалық колледжі болды. Оқу ордасының   бүгінгі жай-күйімен танысқан  мәжіліс депуттары  білім ұясына көңілі толатындығын жеткізді.  Айта кетейік,  бұл  мекемеге  өткен жылы ғана «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»  бағдарламасы бойынша  күрделі жөндеу жасалған болатын.  Соған сай  оқу кешеннің  техникалық  мүмкіндігі де біршама жақсарған.   

Колледж оқытушыларымен кездескен депутаттар олардың   хал жағдайымен  білуді де ұмытпады.  Бүгінде  бұл оқу ордасында   жұмыс істейтін  оқытушылардың басым бөлігін жас мамандар құрап отыр. Олар  «Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша келген жастар. 

Сапарын қорытындылыған  депуттар  аудандағы  жас мамандардың біліктілігіне ризашылығын білдіріп,  ел ертеңі саналатын жастарға әрдайым қолдау көрсету керек дейді. 

Халық қалаулыларының  кездесулері  алдағы күндері облысымыздың өзге де аудан-қалаларында  жалғасатын болады.  

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
18:06, 23 қазан 2017
Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
Толығырақ...
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні тарқатылды
18:03, 23 қазан 2017
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
18:49, 18 қазан 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
Толығырақ...
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
19:05, 17 қазан 2017
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
Толығырақ...