ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ

10:57, 19 ақпан 2020

Облыстық көркемсурет музейінде Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Бір отбасында» деген атаумен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр ұлт өкілдерінің суреттері қойылған. Ол жерден 40-қа жуық қылқалам шеберлерінің шығармаларын көруге болады.

Бұл жерде қырыққа жуық картина бар. Тақырыбы да сан түрлі. Көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – Қазақстан халықтарының бірлігін көрсету.  Сонымен қатар, ассамблеяның 25 жылдығын ауқымды түрде атап өтуге ат салысу. Көрмеген суретшілердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітаптар инсталляциясы да қойылған. Көрмеге келген келушілер бұл жерде ұсынылған кітаптарды отырып оқуына да болады.  

Алма Байханқызы, экскурсия жүргізуші:

Біздің бұл көрмеміз «Бір отбасында» деп аталады. Қазақстан халықтары ассамблеясына биыл енді 25 жыл толып отыр. Соған орай осы көрмемізді ашып отырмыз. Бұл көрмеде 40-қа жуық суретшілердің өнер туындылары қойылған.

Негізінен қойылған туындылар қатарынан әр шебердің ішкі жан-дүниесін аңғаруға болады. Табиғаттың тылсым бейнесі, көл жағасындағы ауыл кеші, мұның барлығы суретшінің айтар ойын ашып тұрғандай. Ал, мұндағы ерекшелік мынандай.

Алма Байханқызы, экскурсия жүргізуші:

Бұл көрменің бір қызықтыратын жері – әр ұлттық болсақтағы, өзіміздің басты байлығымыз – біздің табиғатымыз, біздің салт-дәстүріміз. Соның бәрі көрсетіледі.

Аталмыш көрме науырыз айының 1-ші жұлдыздызына дейін жұмыс жасайды. Өнер әлеміне терең бойлап, рухани азық алғыңыз келсе, көркемсурет мұражайын асығыңыз!

 

Зұлқарнай ЕРМҰАРТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
11:31, 31 наурыз 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...