«Қазақ тілінің лексикалық қорын меңгеру» тақырыбында онлайн-семинар өтті

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қолдауымен «Қазақ тілінің лексикалық қорын меңгеру» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинар қазақ тілін оқытатын педогогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Семинарды қазақ тілі саласының білікті ғалымдары жүргізіп, оған аудандардың тіл үйренсем деген азаматтары қатысып, онлайн түрде лекция тыңдады.

14:09, 17 мамыр 2017   120

«Қазақ тілінің лекцикалық қорын меңгеру» тақырыбындағы онлайн-семинарға әр ауданның қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысады. Екінші рет өтіп отырған бұл семинарға бұл жолы Шарбақты, Ақтоғай, Баянауыл аудандарының педогогтары онлайн түрде қатысты. Лекцикалық қорды меңгеру жөніндегі лекцияны жоғарғы оқу орындарының ғалымдары жүргізді.

АЙМАН ЗЕЙНУЛЛИНА, С.Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі

Онлайн семнарда қазақ тілін оқытудың озық тәжірибелрі туралы айтылды. Масты мақсат тіл білсем деп ниетенгендерді қазақ тілінде сөйлетіп жібере алатын тәсілдерді жан-жақты зерттеп, осы семинарға әкеліп отыр. Солардың бірі мәтінмен жұмыс жасау дейді ғалымдар. Ал, мәтінмен жұмыс істеудің өзінің көптеген тәсілдері бар. 

БАЯН ҚОЖАХМЕТОВА, С.Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі кафедрасының оқытушысы

Бұл осымен екінші рет өтіп отырған семинар. Алда күз айларында тағы да осындай екі бірдей онлайн-семинар жоспарланып отыр. Онда да Павлодар облысының өзге де аудандарының қазақ тілін үйренсем деген ересек тұрғындары қосылып, дәріс алатын болады. 

Автор: Жанасыл Серікбол

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26