ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

Қазақ телевизиясының дамуына аймақтық арналардың да қосқан үлесі зор

12:41, 13 наурыз 2018

«Облыстық телеарнаның кешегісі мен бүгінгісі». Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде дәл осындай атаумен айрықша конференция өтті. Аймақтың басты арнасының дамып-өркендеуіне үлес қосқан телевизия ардагерлері журналистика кафедрасының студенттерімен кездесті. Олар ізбасарларына мамандықтың сол кездегі қиындықтары, бастан кешірген қызықты естеліктері мен өмірден түйгендерін айтып берді. Конференция Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Қазақ телевизиясы 1958 жылы наурыздың 8-де дүниеге келді. Тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 4100 теледидардан тамашалапты. Бұдан соң жер-жерде телеорталықтар ашыла бастайды. Араға үш жыл салып Павлодарда да ұзындығы 160 метр болатын мына телемұнараның құрылысы бой көтереді. Телеарнаның жұмысы жігерлі жастардың арқасында жанданады. Сондай жастардың бірі – Зәру Алшағырова. Бастапқыда режиссердің көмекшісі болған ол кейін киноцех бөлімінде еңбек етеді, режиссер атанады. Оның ауылдың тыныс-тіршілігі, еңбек адамының өмірі жайындағы бейнефильмдері көрермен көзайымына айналды. Телеарна ардагері студенттерге сол жылдардың зілдей ауыр техникаларын, онымен монтаж жасаудың қиындықтарын әңгімеледі. Зейнеткерлікке шыққанымен, күнделікті жаңалықтарды қалт жібермейтін Зәру апай бүгінгі телевизияға не жетіспейтінін де айтты.     

Облыстық телеарнада талай жыл еселі еңбек еткен Ғалия Балтабай өзекті мәселелерді көтерген ардагер журналистердің бірі. Қазақтың жаутанкөз жетімдері, қамкөңіл қарттары мен айықпас дертке ұшыраған балғындар. Осы тектес қоғамдық проблемалар оның тілшілік қызметіндегі басты бағытыны айналды. Ал телеарна ардагері Жеңіс Мананбаев өзінің журналистік жолында көрген білгенін, өмірден түйгенін қазіргі студенттердің бойына сіңіруге тырысады. Жоғарғы оқу орнында білім беретін ол болашақ журналистерге өжет, батыл, өткір тілді, ұтқыр ойлы болу керектігін айтады.

ЖЕҢІС МАНАНБАЕВ, телеарна ардагері

Әділдік жетпейді біріншіден. Айтамыз ғой қазақ журналистикасы демократиялық жолға түскен. Бірақ та ол жолда әлі ақырын-ақырын келе жатыр. Сосын көбіректеу аналитикалық материал  болу керек. өйткені көрермендер тек қана ақпарат алмай, ойлану керек. Бұлар әрине өз көзқарасын басына салмай, көрсету керек. Сосын көрермендер өздері нәтиже шығарады.

Конференцияға қатысқан студенттер телеарна ардагерлері өздеріне үлкен әсер қалдырғанын жеткізді. Айтуларынша, журналистердің ұстанымдары, жас кезіндегі бастан кешірген естеліктері олар үшін ақыл-кеңес, үлгі-өнеге болып отыр.  

ДОСЖАН МҰРАТБЕК, студент

Ол кісілер жаңағы жас кезінде өткен естеліктері, журналистердің жаңағы ұстанымдары бізге үлкен ақыл-кеңес болып, жүрегіміздің түбінен орын алып жатыр. Техниканың жеткіліксіздігі сол замандағы, алыс жолға жүргендегі жолдың жамандығы, журналистің қиындықтарының бірі деп айтуға болады.

АҚМАРАЛ ЕРМАНАТ, студент

Конференцияда телеарна ардагерлеріне студенттер тарапынан сауалдар да жолданды. Телевизия саласының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың бастан кешірген қызықты естеліктеріне қанық болған жастар өздерінің жылы лебіздерін де білдіріп жатты. Студенттер осы тектес кездесулер жиі болса екен деген тілектерін де жеткізді.      

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
10:27, 20 маусым 2018
ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
Толығырақ...
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
11:00, 15 маусым 2018
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...