ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІГІН АТҚАРУҒА КІРІСТІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНА – 61 ЖЫЛ

19:32, 15 наурыз 2019

Биыл қазақ телевизиясының құрылғанына 61 жыл. Осынау жылдар ішінде телевизия саласы түрлі тарихи кезеңдерден өтіп, сан белестерді бағындырды. 61 жылда қазақ телевизиясы бірнеше ұрпақ үлес қосқан іргелі де ірі, ақпараттық рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. Қазақ телевизиясының қара шаңырағы – «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы жаңару мен жаңғыру кезеңін басынан өткерді.

Ширек ғасырдан астам уақытта отандық телевизия жылдан-жылға қарыштап дамыды. Мәселен, 80-жылдары қазақ телевизиясы халықаралық деңгейге шығып,  «Алматы-Дэли», «Алматы-Токио» телекөпірлерін ұйымдастырған болатын.  2000-жылдары елімізде 200-ге жуық телерадиокомпаниялар тынымсыз еңбек етті. Бірақ ең басты жетістік – қазақ телевизиясы қазақ тілінің сақталуына септігін тигізді. Осы ретте мемлекеттік тілде 100 пайыз хабар тарататын «QAZAQSTAN» ұлттық арнасын ерекше атап өтуге болады. Бұл арна бүгінде үлкен телерадиолық корпорацияға айналып, әр аймақта өз филиалдарын ашты. Соның бірі – «Қазақстан-Павлодар». Қазіргі «ERTIS» телеарнасы. 1966 жылға дейін студия аптасына екі мәрте хабар берсе, кейін бағдарламалар көлемі ұлғая түсті. Тақырыптар мазмұны да байыды. Телеорталық ұжымының шығармашылық тәжірбиесі шыңдалып, жобаларды беру шеберліктері де жетілді. Басында хабарлардың басым көпшілігі ресми тілде болды. Кейін кадрлық штаттар ашылып, журналистер қатары толыға бастады. Бұл кезде еліміздің түкпір-түкпірінен қаламы қарымды тілшілер жиналды. Осының барлығы қазақ тілді бағдарламалар жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы хабарлардың көпшілігі  өңірдің ауыл шаруашылығы мен өндірісіне арналды. Өйткені, Павлодар облысы өнеркәсібі өркен жайған аймақтардың бірі. Бағдарлама асында әлеуметтік салаға бағытталған денсаулық, білім хабарлары да беріліп тұрды. Соның ішінде «Майра» әдеби-сазды хабары көрерменің ыстық ықыласына бөленген бағдарламардың бірі болды. Сол кездегі ең бір қиын тұстар  материалды эфирге беру болды. Өйткені, жаңа құрылған арналар үшін техникалық мүмкіндіктер әлсіз болатын.  Пленкамен жұмыс істеген журналистер қауымы өткен шақтың қызығы мен шызығы мол екендігін айтуда. Бүгінде бұл сабақтастық тоқтап қалған жоқ. Аймақтың басты арнасында  білімді, білікті кадрлар қызмет етуде. Олар көтерген түйткілдер өз шешімін тауып, халық мұң-мұқтажын билікке жеткізудегі арадағы алтын көпір бола білді. Заман ағымына қарай елмен бірге етене қызмет етіп келе жатқан арна – Қазақ телевизиясының  дамуына өзіндік үлесін қосуда.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
14:31, 20 наурыз 2019
АҚСУДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар