ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ XXIX МАУСЫМЫН АЯҚТАДЫ

16:07, 24 маусым 2019

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры 29-шы маусым шымылдығын жапты. Маусымның жабылуы салтанатты түрде екі күнге ұласты. Алғашқы күні еліміздің бірқатар аймақтарынан жиналған, Назарбаев зияткерлік мектебінің 48-ден астам оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" премьерасына куә болса, екінші күні аймақ басшысы Болат Бақауов бастап, зиялы қауым өкілдері бұл туындыны зор ықыласпен тамашалады.

Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінің желісі бойынша сахналанған қойылымда, сол бір қиын қыстау кездердің ауыр жағдайын, жазушының тағдырында тартқан тауқыметі жөнінде баяндалған. Қара талқан, қара сумен амалдап күн кешсе де, жарқын күндерден үміт үзбеген бала жүрек, арманның асылына, мақсаттың биігіне ұмтылады. Бала Бердібектің бастан кешкен қызықты да қайғылы оқиғалар тізбегін, қойылымнан тамашалап, көрген жұрттың жанары еріксіз жасқа толды.

Рахат жұмахан, театр  актері:

Бұл қойылымда Бала Бердібекті сомдаймын. Оның қиын да аянышты тағдыры, балалық шағы... Образды толық аштым деп өзім айта алмаймын. Әлі де еңбектенуім керек. Оның бағасын көрермен өзі бере жатар.

Биыл театр 29 маусымды жабық деп жариялады. Бұл маусым театр актерлері үшін елеулі оқиғаларымен есте қалғанды. Белді де, белсенді, талантты әрі тәжірибелі актерлерімен ерекшеленетін театр жылма-жыл жас әртістермен толығып та келеді. Айтулы труппаның  алдағы уақыттарда да қажырлы еңбек ететініне сенім мол.

Ерлік Жуасбек, театрдың көркемдік жетекшісі:

Бұл маусымда біздің Ж. Аймауытов атындағы  театр  ұжымы гастрөлдік сапармен Алматы шаһарына барып қайтты. Жуырда ғана Нұрсұлтан қаласында өткен қалалық әкімдік ұйымдастырып отырған 7 ші «Самғау» фестивалінде актерлеріміз шетелдік қонақтар мен халықаралық деңгейдегі театр сыншыларының алдында өз өнерлерін көрсетіп, еңбектерінің жемісін көріп келді.

Кешегі дәуірдегі балалық шақтың балауса күндерін сағынған театр көрермендері, яғни,  әсіресе ересек  қауым,  бұл қойылымды тамашалай отыра, балалық шаққа шынымен де саяхат жасап қайтқандай.

Әсел ЖАҚСЫБАЙ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...