ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ САРБАЗЫНЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

19:31, 5 маусым 2019

Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жерлесіміз Уахит Қайырхановтың жерленген жері анықталды. Қазақ жауынгерінің денесі Ресей Федерациясының Ленинград облысында жерленіпті. Іздестіру тобы енді, сүйекті елге әкелу жұмыстарымен айналыспақ.

Уахит Қайырханов Ақсу ауданының Құркөл ауылының тумасы. 1942 жылы майданға аттанып, сол жылдың  мамыр айынан кейін хабарсыз кеткен. Туған-туысқандары жылдар бойы іздегенімен осы уақытқа дейін нәтиже болмаған еді. Жақында «Панфиловшылар» іздестіру жасағы Ресей жерінен тапқан жәдігерлерін әлеуметтік желіге салып, сол арқылы туыс-туғандары таныған. Ботагөз Жексенова, Уахит Қайырхановтың шөбересі:

Менің атам ол – менің анамның атасының әкесі болып табылады. Атам кішкентай кезімізде айтатын: соғысқа кетті, соғыста Лининградтын түбінде бір жақта қайтыс болды. Бірақ қайда қайтқанын білмейміз. Атамның жатқан жерінде үлкен портрет ілініп тұратын.Кішкентай кезімізде көретінбіз. Сондай атамыз бар деп.

Біраз жылдардан бері Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлер мен жәдіреглерді табумен айналысып келе жатқан іздестіру жасағы бұл жолғы табыстарына разы.

Бақытжан Өтепов, «Панфиловшылар» іздестіру жасағының командиры:

Когда вот занимаемся таким поиском. Әрине, осындай іздестіру жұмыстарымен айналысу өте қиын. Жұмыстың нәтижелі болғаны біз үшін – қуаныш. Бірақ жылдар бойы таппаған туыстар мұның көрген кезде, жүрегін езіледі. Мысалы, жауынгердің баласы әкесінің жатқан жерін білуді  аңсап кеткен. Жарты жыл бұрын өмірден озыпты. Осы күнге жетпеді.

Атап өту керек, халықаралық «Еске алу бекеті» 2016 жылдан Ресейде басталған. Шараға Мәскеу қаласының әскерни-техникалық қауымы павлодарлық іздестіру жасағын шақырып отыр. Аталмыш шара 18-25 маусым аралығында өтеді.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар