«Қазақ халқына мың алғыс!»

17:32, 15 ақпан 2017

Кеңес уақытында қазақ жеріне күштеп қоныстандырылған сан түрлі ұлттың ұрпақтары қазақ халқына алғыс айтуда. Ата қонысынан ауып, жат жерге көшуге мәжбүр болған ұлттардың тағдыры қайғы-қасіретке толы. Жер ауған халықтар сол кезде өздерін қанатының астына алып, қамқорлық көрсеткен қазақтардың арқасында жан сақтап, тірі қалды. Мейірбан қазақ халқының сол жақсылығын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Өңіріміздегі кабардин, балкар, черкес ұлтының өкілдері осыны бүгінгі ұрпақтың жадына құйып, арнайы шара өткізді.

Кеңес өкіметінің жүргізген күштеп көшіру саясатының зардаптары орасан болғаны тарихтан мәлім. Депортацияланған жандар жаңа жерлерде аштық пен аурудан қырғынға ұшырады.  Дегенмен, Қазақстанға жер аударылған ұлттардың жағдайы басқа республикаларға депортацияланғандарға қарағанда көш ілгері еді. Ежелден бауырмал қазақ халқы сырттан келген түрлі ұлттардың бәрін бауырына басты, қолындағы нанын бөліп берді. Қазақтың мейірбандылығы, кеңпейілділігінің арқасында сол келімсек ұлттардың барлығы аман қалды, осы жерде тамыр жайып, ұрпағын өрбітті. Бүгінде сол ұрпақ бір кезде ата-бабасына сүйеу болып, қол ұшын берген қазақ халқына алғысын білдіруде. 

Тарихқа үңілер болсақ, 1944 жылы балқарларға «Отанды сатқандар» деген жала жабылып,  бар халқын Орта Азия мен Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылданған. Ал 1957 жылдан кейін олардың біразы туған жеріне қайтқан, аз кемі Қазақстанда қалған. Қазір Қазақстанда қарашай-балқар, черкес ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. Қазақ халқы оларға деген мейірбандық, бауырмалдық сезімін әлі де танытып келеді. 

Әлемде босқындар көші әлі де тоқтаған жоқ. Алайда, дәулеті тасып тұрған елдердің босқын атаулыға жылы қабақ танытқанын көргеміз жоқ. Ал кешегі қиын-қыстау заманда жер ауған халық өкілдерін қанатының астына алған қазақ халқының қамқорлығы кім-кімге болсын үлгі өнеге болмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғын үй аулаларындағы  қарды ауа температурасы жоғарыламай  тұрып, тазалау қажет
19:02, 23 ақпан 2018
Тұрғын үй аулаларындағы қарды ауа температурасы жоғарыламай...
Толығырақ...
Павлодар машина жасау зауыты биыл 5 млрд теңгенің өнімін шығармақ
18:50, 23 ақпан 2018
Павлодар машина жасау зауыты биыл 5 млрд теңгенің өнімін шығ...
Толығырақ...
«Ертіс» телеарнасы халықаралық деңгейде хабар таратуға көшті
18:39, 23 ақпан 2018
«Ертіс» телеарнасы халықаралық деңгейде хабар таратуға көшті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Мұса Шормановтың 200 жылдыған орай оқушылар арасында ғылыми тәжірибелік конференция өтті
14:46, 21 ақпан 2018
Мұса Шормановтың 200 жылдыған орай оқушылар арасында ғылыми...
Толығырақ...