ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

20:26, 3 шілде 2020

Балықшылар мен су жағалаған жандардың қауіпсіздігі тиісті мекемелердің басты назарында. Бүгін бірқатар құзіретті орган мамандары бірлесіп, су көлік құралдары мен балықшылардың судағы қауіпсіздігін бақылап, рейд өткізді.

Бір қайыққа аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, судағы көлікті бақылау инспекциясы және ТЖ өкілдері мінсе, екінші моторлы қайыққа БАҚ өкілдері жайғасты. Бағыт, Ертіс бойымен жүзіп Усолка шағын ауданына дейінгі аралықты шолып шығу. Сыртта аздаған жел бар, оның үстіне мезгілсіз уақыт болғандықттан ба, қайық үстінде балық аулап бақытқа кенеліп отырған көп ешкім байқалмады. Есесіне, рұқсат етілмеген жерде суға шомылып жүрген адамдардың қарасы қалың. Ондайларға ескерту жасалды. Рейд барысында ереже бұзғандар да кездесті. Қайығына адамдарды құтқару бешбетінсіз отырғызған тұрғында сол жерде хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Бекболат Каримов, судағы көлікті бақылау инспекциясының бас маманы:

Мына шағын су көлігінің иесі заңнаманың 582 бабы 5 бөлігін бұзып отыр. Яғни, құтқару бешпетін кимеген. Сондықтан, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.   

5-шілдеден бастан карантиндік шектеу шаралары қатаңдатылатыны белгілі. Осы орайда құтқарушылар тұрғындарға режимді сақтауға шақырады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...