ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ

18:40, 20 тамыз 2019

Еліміздегі қарыздары бар 508 мың азамат мемлекеттік қолдауға ие. Үкімет пен ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағытта тиісті жұмыстарды қолға алды. Қарыздарды өтеу тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.

2019 жылдың 26 маусымында Мемлекет басшысының жарлығымен ел азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту бойынша шаралар белгіленді. Қабылданған қаулы бойынша үкімет пен ұлттық банк жұмысының негізгі екі бағыты анықталды. Бірінші бағыт аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үш жүз мың теңге қарыз өтеледі. Екінші бағытта айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығару бойынша жұмыс жасалынады.

Ердос Спандияров, ҚР ұлттық банкі поф директорының орынбасары:

Бүгінгі күні қарыздары бар азаматтардың тізімі жасалды. Алдын ала болжам бойынша еліміздің 508 мың азаматына жалпы сомасы 105,5 млрд. теңгенің мемлекеттік қолдауын алуға мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылдың тамыз айының соныңна дейін жұмыстар аяқталады.

Екінші бағыт бойынша жалпы елімізде сомасы 33 миллиард теңгені құрайтын 1 миллионнан артық адам қамтылған. Аймақта жүргізілген сараптама нәтижесінде берешегі 1 миллиард теңгеден асатын 59 мың 300 адам қолдауға ие болмақ. 

Дихан Түкенов, ҚР ұлттық банкі ПОФ экономикалық сараптама және статистика бөлімінің басшысы:

Екінші бағытта банктер мен микрокредиттік ұйымдар есебінен қарыздары бар жетім балалар, кәмелет жасқа толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар есептен шығарылады.

Азаматтарға банктер мен қаржы ұйымдарына жүгінудің қажеті жоқ. Тиісті жұмыстарды мамандар өздері жүргізеді. Кейін азаматтарға ескертулерді жолдайды. Олар барлық бағыттағы жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...