ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚАРБЫЗ FEST САЙЫСЫ

12:37, 12 қыркүйек 2019

Павлодарда жастар басталамаларын дамыту орталығының мұрындық болуымен «Қарбыз-фест» фестивалі өтті. Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараның басты реквизиті – Аққулы ауданының бренді саналатын қарбыз.

Шараға оқу орындарының ерікті жасақтары, ауыл жастары және қала қонақтары секілді жиыны 100-дей адам қатысты. Фестиваль аясында жігіттер мен қыздар көгенде жатып семіретін көк лақты көтеріп сайысады. Ал, қарбыздан жасалған түрлі пішіндегі туындылар талайлардың таңдайын қақтырса, қарбызды жылдам жеп жарысқандар көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Саягүл Серікбекқызы, еріктілер орталығының жетекшісі:

Жастар жылы аясында кереметтей облыстық деңгейде қарбыз фестивалі өтіп жатыр. Фестивальдің басты мақсаты – жергілікті бақша өнімін өндірушілерді жұмыстарын насихаттау және көпшілікке тарату.

Көңілді де қызықты сайысқа былтыр да Аққулы ауданының кәсіпкерлері демеушілік етуде. Солардың бірі Әрсен Әбдірахманов, қарбыз егумен бала кезден айналысады. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда ата кәсібін жалғастырып отыр. Ол бұл шараға 50-ден астам бақша өнімін әкелген.

Әрсен Әбдірахманов, кәсіпкер:

Демеушілік жасап осындай мерекеге қарбыздарымызды ұйымдастырып жатырмыз. Алдағыда біздің қарбыздарымызды жеп, силитра, бізде онай ештеңе жоқ. Таза, табиғи қарбыздар. Бала кезімнен айналысамын. Әкем еккен.

Сонымен қатар, фестиваль аясында жас суретшілер қыл қаламдарын алып, натюрморт салуден шеберлік сағаттын өткізді. Өнер иелерінің де бұл жолғы басты нысанасы қарбыз.  

Альмира Жолдасбекова, жас суретші:

Суретсалуды кішкентай кезімнен бастап саламын. Алайда бейнелеу өнері мектебіне 11 жасымда түстім. Қазір біз этюд салып отырмыз. Қарбыз және жемір натюрмортын.

Сондай-ақ, мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өз өнерлерін паш етті. Сайыста жеңімпаз атанған қатысушыларға науқанның негізгі реквизитіне айналған қарбыздар сыйға тартылды. Аталмыш жоба келер жылы да жалғасын таппақ.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...