ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

19:13, 27 қыркүйек 2020

Карантиндік шектеу шаралары тағы да жеңілдетілді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сай кафе мен мейрамханаларға келушілер саны 30-дан 50-ге дейін көбейеді. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлімдеді.

Павлодарда театрлардың жұмыс істеуіне кедергі жоқ.  Бірақ тек ашық аспан астында рұқсат етіледі. 50 адамнан артық емес, сыйымдылығы 50%-дан аспауы керек. Көрермен бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы шарт.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінде бұрын 30 ға жуық адам ғана рұқсат етілсе, қазір ашық ауада және ғимарат ішінде 50-ге дейін ұлғайтылды.

Осындай талаппен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарыда жұмыс жасайды. Тек ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Жүмыс тәртібі сағат 8:00-ден бастап 24:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 8:00-ден 22:00-ге дейінгі қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат беріледі.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Бүгінгі күні эпидимиолгиялық жағдай тұрақты. Күн сайын өсім 0,03% - дан аспайды. Бұл күнделікті. Ал  апта сайын көрсеткіш 0,5% құрайды. 

Алайда қаулыға сәйкес  бірқатар көңіл көтеру нысандарына, нақтырақ айтсақ ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрлардан басқа) қызметіне тыйым салынады.

Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шараларын енгізіледі:

- азық-түлік тауарларын өткізетін нысандардан және  дәріханалардан басқа, ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысы;

- азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың жұмысын тоқтатылады;

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар