ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

15:28, 22 мамыр 2020

Бүгіннен бастап аймақтың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен қалада ірі сауда орындары жұмысын бастады. Әйтсе де, олардағы ойын-сауық алаңдары мен кинотеатрлар әлі де болса жабық. Әлеуметтік нысан белгіленген тәртіп бойынша қызмет көрсетеді.

Сауда орталығында адамдар қарасы қалың емес. Бетпердесіз жүргендер жоқ. Бұндағы талап қатаң. Бұған қоса ғимараттың тазалығы да жіті бақылауда.

Зәмзәгүл Досжанова, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Бізде карантин әлі де жалғасады. Жеңілдіктер енгізіліп жатыр. Бірақ, босаңсуға болмайды.

Облыста вирустың таралу көрсеткіші едәуір төмендеп келеді. Басқа нысандар бірте-бірте ашылып жатыр. Алайда, бұл нақты шешім емес.

Зәмзәгүл Досжанова, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Ойын сауық орталықтары мен кинотеатрлар, яғни адам көп баратын нысандар жабық.  Әрине бұл уақытша. Аймақта вирустың өршуі 2% дан көтерілмеген жағдайда карантин шаралары жеңілдейді. 

Егер маман айтқан сақтық шаралары орындалмай, індет қайтадан өршісе, бүгін ашылған орталықтардың барлығы қайта жабылып қалуы мүмкін. Өткен аптада Павлодар облысында қоғамдық тамақтану орындары, асхана, дәмхана, мейрамханалар өз жұмысын бастаған.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...