ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

11:25, 30 шілде 2020

Елде карантин кезеңі енгізілгелі бері көтпеген кәсіпкерлер ісін тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ, кейбірі кәсібінен нәсіп табуды жалғастырып, жұмыс ауқымын арттырғандығы жасырын емес.

Мемлекеттік рәміздер, мекенжай тақтайшалары мен басқа да қажетті жабдықтарды шығаратын мына цехтың жұмысы бір сәтке де тоқтаған емес. Бұл компанияда жұмыс істеуді жалғастыруға мүмкіндік бола тұра кәсіпорын басшылығы карантинге кетуді жөн көріпті. Себебі, жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болу керек кейді өндіріс ошағының басшысы. ЖШС басшысы тапсырыстар аз болғаымен мемлекет тарапынан қолдау көп болғандығын тілге тиек етті.

Аслан Жүсіпов, кәсіпкер:

«Даму» қоры бізге кепілдік ұсынды. Биылғы жылы біз субсидия жасап, пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға дейін азайттық. Бұл кәсіпкерлер үшін өте жақсы көрсеткіш. Себебі, карантин кезеңінде тапсырыс аз түсіп, кәсіпті әрі қарай жандандыруға мүмкіндік бермеді.

Кәсіп ауқымын кеңейту мақсатында жеке меншік цех ашқан. Қазіргі таңда мұнда 15 адам еңбек етеді. Кірістің аздығына қарамастан барлық қызметкерлер жұмыс орынын сақтап қалған. Бұдан бөлек, үш айға дейін несиелері де кейінге шегеріліпті.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ергали РАМАЗАНУЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...