ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАРА АЛТЫН-2019» МЕДИА-ФОРУМЫ

19:11, 14 тамыз 2019

Осы күндері Ресейдің Кемеров облысына қарасты Междуреченск қаласында жалпы ресейлік «Қара алтын-2019» медия-форумы өтуде. Онда, 55 БАҚ өкілдерінің 216 жұмысы сынға түсіп жатыр. Үміткерлердің ішінде Қазақстандық тілшілердің де шығармалары бар.

Аталмыш аймақта тас көмірдің 60 пайызы өндіріледі. Осының арқасында өз беделін берік ұстап тұр. Энерготұтынушылар жүйесінде әлі күнге дейін екінші орында. Байқауға оралсақ. Еңбек форумына «Ертіс» телеарнасының тілшілері де қатысып жатыр. Қазіргі таңда ауқымды байқау өз жұмысын бастады.

Владимир Чернов, Междуреченск қалалық округінің әкімі (Кемеров облысы, РФ):

Қазақстаннан да қонақтар келгеніне мен қатты қуаныштымын. Біз сіздермен тек қана телеэкран алқылы ғана емес, тікелей араласқымыз келеді. Междуреченсктен Қазақстанға жалынды сәлем.

Биылғы жылғы шараға Ресей Федерациясының 15 ұйымынан өкілдер қатысуда. Байқауға арқау болған негізгі тақырып – шахтер мамандығы. Біздің әріптестеріміз екінші жыл қатарынан қатысып отырғанын атап өту керек. Форумның ұраны «Таза бұрыш – жасыл Кузбасс»

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...