ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

10:59, 14 ақпан 2020

Биылғы қыс мезгілі тосын сыйға толы болды. Көптен күткен ақ ұлпа екі аптаның ішінде тұрғындарды әбігерге салып үлгенген еді. Қазіргі таңда аймақтар қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл шаруа Кенжекөл ауылында да мықтап қолға алынған. Қазірдің өзінде елді-мекеннен 8 мың текше метр қар шығарылған.

Кенжекөл ауылында 42 көше бар. Ауыл көшелері күнделікті қардан тазартылып тұрады. Ақ ұлпа көп түсетін аумақтар басты назарға алынған. Көктемде су тасқынының алдын-алу мақсатында тазалық жұмыстары ерте қолға алында.

Серік Шуақбаев, Кенжекөл ауылдық округінің әкімі:

Бір погрузчик қазір істеп жатыр. И екі камаз сороко тонник істеп жатыр. Екі МТЗ-82 істеп жатыр бізде. Бізде бір ай шығарып жатырмыз. Оның алдында бүгін демалыс бердік. Бізде негізі екі бригада істеп жатыр. Екі погрузчик алты камаз жүр. Ертең тағы да шығады олар, қосылады. Бүгін бір ремонт жасаймыз. Сондықтан мен ойлаймын биыл енді қар көп. Былтырғыдан қарағанда қар көп. Өте көп.

Ауыл әкімінің сөзінше былтырғы жауған қар мөлшері биылғыдан әлдеқайда аз болған. Қазіргі таңда елді-мекен тұрғындары көшелерді уақытылы тазалап тұратын жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын жаудыруда.

Жәнібек Өмірзақов, Кенжекөл ауылының тұрғыны:

Әкімшіліктен қаншама көмек алдық. Әуелі қарды үйді, оны үлкен камаздармен, үлкен эксковаторлармен тазалап жатыр.

Бұл жердегі қар тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қар ерігенге дейін жалғасын таппақ.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар