ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАР ТАЗАЛАМАСА АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

14:11, 24 қаңтар 2020

Өздеріне тиесілі ғимараттарының айналасындағы қарды тазаламаған кәсіп иелеріне айыппұл салынады.

Бірінші жолы ескерту берілгенімен екінші жолы қалтаға біраз салмақ түсірерлік жаза қолданылады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары арнайы рейд өткізіп, қар тазаламай отырған заңды тұлғаларды жауапқа тартты. Бұрындары кәсіп иелері өзіне тиесілі ғимарат пен аумақты бе метр жерге дейін қардан таза ұстауы керек болатын. Қазір ол ережеге өзгеріс еніп, мекемеден он метр жерді таза ұстап, жаяу жүргіншілер мен көлік тоқтайтын жерлерді қардан аршуға міндетті. Талап орындалмаған жағдайда көк жағалылар көк қағаз жазып береді. Соңғы аптада төпелеп жауға қар тек қана коммуналдық қызмет мамандарын ғана емес, өзгелерді де өңештен алып тұр. Учаскелік инсвекторлар дүркін-дүркін рейд өткізіп, мекемелердің есігін қағуға мәжбүр. Алғашқы бетте ескерту беріледі. Оған мойын ұсынбаса айыппұл жазады. Одан кейінгі жолы айыппұл мөлшері екі еселенеді. 

Қайратбек Қайырбеков, орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы:

Қаланы абаттандыру заңнамасы бойынша 505 бапты бұзған деп есептеліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш, ал шағын және орта бизнес өкілдеріне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Айта кетерлігі, бүгін қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берген қала әкімі, шаһарды қардан тазарту бойынша тендер ұтып алған мердігер компания  жұмыстарын тыңғылықты орындамай отырғанын тілге тиек еткен. 

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар