ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

18:56, 13 қаңтар 2021

Алдағы күндері Павлодар облысында тағы күн суытып, ауа температурасы түнде -36 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді. Мәселен, күні кеше жолда қалған 13 адам құтқарылды.

Павлодар облысында соңғы бір тәулік ішінде 10-нан аса адам қар құрсауында қалып, төтеншеліктерден көмек сұраған. Олар бірден жылыту бекеттеріне жеткізілді. Айта кетейік, біздің аймақта қазір 162 жылыту бекеті жұмыс жасап тұр. Олардың барлығы республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда орналасқан.

Айдын Қажыбеков, ТЖД басқарма бастығы:

Шиқылдақ ауылдық округінің жанында көлікпен 9 адам қар құрсауында қалған. Біздің қызметкерлер барып оларды құтқарды. Сондай-ақ, кеше кешкі 20:33 минутта Павлодар-Нұрсұлтан жолында Шідертіден 20 шақырым жерде 4 адам жолда қалып қойған. Олар сол Шідертідегі жылыту пунктіне жеткізілді.

Павлодар облысында қазір барлық жолдар ашылды. Тек Шідерті кентінен Қарағанды облысына дейінгі жол ғана әзірге жабық. Ал, Қазгидромет синоптиктері бүгіннен бастап облыс бойынша ауа температурасының төмендейтінін хабарлады.

Оксана Овсянникова, РМК «Қазгидромет» ПОФ метеоболжамдар бөлімінің басшысы:

Бүгін күндізден бастап ауа температурасы -18, -23 градусқа дейін төмендейді. Кейбір жерлерде -26 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 15, 20 метрге дейін жетеді.  

Осылайша алдағы екі күн бойы ауа температурасы түнде -28, -33 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде тіпті -36 болады. Күндіз  ауа температурасы -23, -28 градусқа жетеді.  Сондықтан мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...