ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

19:20, 14 қаңтар 2019

Павлодарда «Қар ханшайымы» ертегісінің қо йылымы болды. Бір ерекшелігі, рөлдерді арнайы білім беру интернаттарының оқушылары сомдады. Спектакльге көрермендер көп жиналды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Бір жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Шекарасыз театр» жобасы бастау алған болатын. Бүгінгі таңда мекемеде 7 мен 13 жас аралығындағы 17 оқушы тәрбиеленіп жатыр. «Қар ханшайымы» олар үшін ең алғашқы премьера. Дайындық барысында көптеген қиындықтар болғанымен, қойылым ойдағыдай шықты,- дейді, театр жетекшісі Юлия Захарчук.

ЮЛИЯ ЗАХАРЧУК, «ШЕКАРАСЫЗ ТЕАТР» ЖОБАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сахнада тек қана балалар ойнайды. Кейбірі үшін бұл сахнадағы алғашқы қадам. Алғаш рет кәсіби сахнада өнер көрсетуде. Балалар да, біз деп қобалжып тұрмыз. Жиналған көрермендердің көптігі, олардың қошеметі, ыстық-ықыластары балаларға кедергі емес, керісінше қолдау болады деп ойлаймын. Бізде барлығы жақсы болатынына сенімдімін.

Әр бала өзінше дарынды. Рөлдер балалардың ішкі түйсігіне байланысты таңдалды. Жас актриса Анастасия Дружинина Герданың рөлін сомдағанын мақтан тұтады. Дайындық барысында біраз қиыншылық туындағанымен, өз қорқынышымды жеңе білдім, дейді.  

АНАСТАСИЯ ДРУЖИНИНА, АКТРИСА

Біз көп дайындалдық. Өте, көңілді, әрі әсерлі болды. Қиындықтар да жоқ емес. Мен Герданың рөлін сомдаймын. өз рөлім өзіме қатты ұнайды. 

Мұндай шараларға қатысу арқылы балалар өздерінің актерлік қабілеттерін шыңдайтын болады. Ерекше жаратылған балалар сахнадан қорықпайды. Керісінше, алға қойған мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етеді.

СҰЛТАН СҰЛТАНОВ, АКТЁР

Басында барлығы да қиын болды. Кейін кіші сахнаға шыққаннан кейін қорқынышты жеңе бастадық. Бидің қимылдарын жаттау оңай емес. Барлығы үлкен жауапкершілікті талап етеі. Басқа әлемде жүргендей болдық.

Осындай бірегей жобалар арқылы ақыл-есінде кемістігі бар балалар өздерін өмірге бейімдейді. Жаңа достар тауып, қоғамдық шараларға араласатын болады.

Автор: Зұлқарнай, ЕРМҰРАТҰЛЫ, Валерия СТЕПЧУК. Таспегер: Юрий БЕЛЕВСКИЙ.

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...