ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛАДА ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

19:10, 3 маусым 2019

Ағымдағы жыл басынан бері облыс орталығында қылмыс 36%-ға азайған. Бұл туралы құқықтық тәртіпті сақтауға арналған жиында айтылды. Бас қосуға қала әкімі Әнуар Күмпекеев пен облыстық полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров қатысты.

Шараға қатысқан 132 пәтер иелерінің кооперативі басшылары көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Олар заңсыз ішімдік пен есірткенің сатылуына шара қолдануын сұрайды. Полиция қызметкерлеріне ашық түрде сұрақтар қойылды.

Жасқайрат Қайыров, облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Бүгін біз тұрғын үй иелерінің төрағаларымен кездесу өткіздік. Сол кездесу өте маңызды деп ойлаймыз. Себебі тұрғын үй адамдарының атынан шыққан төрағалар және учаскілік инспекторлар жұмысы бірдей болуы керек. Ол тек бірге болғанда қауіпсіздік сақтауға болады.

Сонымен қатар бұндай кездесулер Екібастұз, Ақсу қалаларында өткізілді. Әнуар Күмпекеев облыстық полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіровке жақын арада мәселелердің шешемін табуын жауапты түрде тапсырды. Шаһар басшысы қала тұрғындарына бейнебақылау орнатуды ұсынды. Айтуынша қылмыстардың ашылуына бейнебақылаудың көмегі көп.  Шара соңында полиция департаментінің басшысы белсенді жұмыс жасаған кооператив иелерін марапаттады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...