ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА КӨРКІ МЕН ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

21:24, 20 маусым 2019

Қаланы көріктендіру мәселесі әкімдікте өткен жиында да талқыланды. Жаз шығып, күн жылынғалы бері шаһарды көріктендіру жұмыстары басталып кеткенімен, мердігерлер келіскен мерзімде өз жұмыстарын аяқтай алмай отыр. Оның ішінде қала тазалығына да ерекше мән берілуде. Әнуар Күмпекеев бірқатар шешілмеген мәселелерді нұсқап, жауапты орындарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тендер ұтып аларда, жұмыстар жүйелі түрде атқарылатынына кепілдік беріп, төніп келесіздер, нәтиже қайда? – деп айтудан жалықпаған қала әкімі, әр жауапты басшыларға сұрақты төтесінен қойды. Мемлекеттік мекемелер, солардың қатарында тіпті кейбір мектептердің ауласын қаулаған шөптің басып жатқанын әкім өз көзімен көріп, бақылап жүргендігін айтады.

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі:

Тіпті бірқатар мектептердің ауласын шөп басып жатыр. Қырқып тастаңыздар, гүлдер отырғызыңыздар маңатына. Оның әрқайсысына жауапты жұмыс орындары бар емес пе?

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырып қарағанда, биыл қаламыздың ажары келмей тұрғандығы ақиқат. Көздің жауын алардай гүлзарлар мен көшеттер қатары да жоқтың қасы. Мердігерлердің айтуынша, бәріне де табиғаттың тосын құбылысы кінәлі. Ал, биолог Татьяна Пономарева болса, өсімдіктерге биологиялық тыңайтқыштардың жетіспей жатқандығын алға тартты. Қалай десек те, құнарлығы жоқ жерде, гүлдің жайқала қоймайтындығы белгілі. Шаһар басшысы бұл жұмыстарды да қатаң сынға алды.

Әнуар Күмпекеев, Павлодар қаласының әкімі:

Мен сіздерге тіпті  9 мамырдың алдында ескерткен болатынмын, Байқаңыздар,-дедім. Ағаш болсын, гүл болсын, не отырғызып жатқандарыңызды. Бүгін маусым аяқталып отыр,еш нәтиже жоқ. Өсіріп жатқан өскін-желектеріңіз үшін мен ұяламын.

Апат айтып келмейді. Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан қаламызда қурап тұрған алып ағаштар тұрғындарға өз зардабын тигізбей қоймады. Аула толы қоқыс, міндетті түрде жаппай сенбіліксіз болмайтындай. Ал, қала күнін тойлауға тура бір ай уақыт қана қалды. Әнуар Күмпекеев бұл мәселеге де қатты алаңдайтынын жеткізді.

 

Әсел Жақсыбай

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...