ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА КЕЛБЕТІН САҚТАУ

21:16, 20 маусым 2019

Қаланың көркін бұзып, сәулет бейнесіне нұсқан келтіретін кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Бұл көбінесе дүкеннің жанынан жабайы сауда саттық ашып алатын саудагерлерге қатысты. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткізген көшпелі жиын барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықтылды.

Қалалық депутаттар қала көркіне ерекше назар аударып отыр. Түрлі саланың мамандарымен бірлесіп өткізген шара барысында саябақтардағы ұзарып өсіп кеткен шөптердің шабылуын, аулалардың тазартылып қоқыстардың уақытында шығарылуын, қурап құлауға жақын ағаштардың дер кезінде кесілуін қадағалады. Қаланы абаттандыру да ерекше назарда.

Ержан Түсіпбеков, қалалық түкш бөлімінің сектор меңгерушісі:

Қала бойынша мына ағаштарды кесу апаттық жағдайдағы мына қатты жауын өткеннен кейін біз мына демалыс күндері 30 адреске дейін барып жүрдік, ағашты кесуді қала бойынша. Енді көшелердегі шөптерді шабу бойынша мердігер белгілі болды.

Қаланың сәулет бейнесін сақтау бойынша шағын және орта бизнес нысандары да қаперден қалыс қалмады. Кәсіпкерлік нысандары «Жарнама туралы» заңнамаға бағыну қажет. Яғни сыртқы-көрнекі жарнамасы қаланың сәулет бейнесіне және эстетикалық түріне сәйкес болуы тиіс. Ғимарат қасбеттерінде жарнама орындары үшін арнайы орын болуы қажет. Ал, қаланы көркін бұзып сыртқа жадағай сауда жасауға жол жоқ. Ондайларға дереу айыппұл салынады. Химқалашық шағын ауданында жабайы сауда-саттық жасаған бір саудагерге шара қолданылды.

Арман Қаптаев, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Нақты осы Нагорке деген дүкен бойынша Айманов көшесінің ішкі аумақта орналасқан дүкен бойынша, осы сатушыға және әкімшілікке 204 бап бойынша ескерту саламызда және абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 505 бабына сәйкес 30 АЕК ретінде айыппұл саламыз.

Жергілікті әкімдік қаланың сәулет көркіне ерекше мән бергенге ұқсайды. Шаһардың сәнін бұзған кез-келген кемшілік үшін қолданар жаза бар.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар