ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ҚАЛА АТАУЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

14:00, 23 қаңтар 2020

Павлодар қаласының атауын өзгерту мәселесі қазір қоғамда, соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқылауға түсіп жатыр. Қолдаушылар түрлі нұсқалар ұсынып жатса, қала атауын ауыстыруға мүлде қарсы шығып жатқандар да бар. Осыған орай қалалық әкімдік ресми мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айының басында Мәжіліс депутаты Айзада Құрмановамен болған кездесуде «JEBE» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Павлодар қаласының атауын ауыстыратын күн жеткендігін және оған Ертіс атауы лайық екенін айтқан болатын. Осыдан кейін, әлеуметтік желілерде қызу талқылау басталды. Ертіс атауын қолдаушылар мен қатар, Сарыарқа, Абылайхан, Қимақкент, Кенесары, тіпті Жұмабек Тәшеновтің есімін ұсынғандар болды. Қала атауын өзгертуге үзілді-кесілді қарсы болғандар да табылды. Әйтсе де, жергілікті атқарушы органға атау ауыстыру жөнінде ешкімнен ресми хат түспеген.   

Самал Бегалинова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Заңды түрде әр азамат өз ойын білдіре алады, құқылы. Бірақ бүгінгі таңда, жергілікті мемлекеттік органға яғни, Павлодар қалалық әкімдігіне не болмаса мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ресми өтініш хат түскен жоқ, Павлодар қаласының атауын өзгерту бойынша.

Ал, өтініш хат түскеннің өзінде дәл биылғы жылы қала атауын ауыстыру мәселесі қаралмайды. Өйткені, осы жылы елімізде халық санағының өтетініне байланысты ономастикалық сипаттағы мәселелер, соның ішінде облыс орталықтарын қайта атау мәселелері қарастырылмайды.

Самал Бегалинова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Былтырдан бастап, Ұлттық экономика министрлігі бұл жұмысты бастады санаққа дайындықты. Сондықтан өзінің базасы бар, бүкіл құжаттар дайындалды. Қазір бір атау көшенің өзгертіліп кетсе бүгінгі жылы не, елдімекен атауын өзгерте бұл жұмысқа өзінің кедергісін келтіреді. 

Осыған байланысты Президент әкімшіліге елді-мекен атауларын өзгертуге биылғы жылы уақытша тыйым салып отыр. Ал, санақтан соң жергілікті атқарушы билікке жер су аттарын ауыстыру туралы өтініш хат түсіруге болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар