ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Қай робот мықты?

15:07, 18 мамыр 2017

Аймағымызда мектеп оқушыларының арасында робот техникалар сайысы өтті. Оған өңіріміздің аудан қалаларынан 100-ден аса талапкер қатысып бақ сынады. Жалпы біздің Павлодар облысыныда оқушылардың аталмыш техниканы меңгеруге деген қызығушылығы өте жоғары. Республикада өткен түрлі робот техникалар сайысында бас жүлдені бермей келе жатқандығын атап өтуге болады.

Қазіргі таңда аймағымыздағы 56 мектепте  арнайы робот техника курстары  жұмыс істейді.  Онда  оқушылар  осынау заманауи технолгияны құрастырумен айналысып ғана қоймай,  оларға  өз қиялдары бойынша түрлі бағдарламалық басқарулар да енгізеді.  Сол себептенде, өңір оқушылары робот техникалар сайысында республика бойынша  көш бастап келеді. Ал бүгінгі өткізіліп отырған сайыс  2016-2017  оқу жылдарындағы  аталмыш саланың жеткен жетістектері  мен оқушылардың  бір жылда біліп үйренгенін сарапқа салатын  сындарлы кезең.

ЕРНҰР ДӘУЕНОВ, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары

Бүгінгі сайыста  өңіріміздің аудан қалаларынан 100-ден аса оқушы қатысып бақ сынады. Олар роботар техникаларын  бір сызық бойымен жүргізіп,  шағын  шеңберде   суммо жарыстар  түрі бойынша өзара сайысқа түсті. Әсіресе, суммо жарыс түрі көпшілік үшін  қызықты сайыстардың бірі болды.  Тар шеңберде екі робот   күш сынасып, бірін-бірі  шеңбердің сызығынан шығаруда  жолында  тайталасып бақты. Жарыстың аталған түрінен сайысқа қатысушы облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мирас Шакрат   жүлделі орын иеленетеніне сенім білдірді. 

МИРАС ШАКРАТ, сайысқа қатысушы (Павлодар қаласы)

Тартысқа толы өткен сайыста  әр қатысушы   жеңімпаз атануға үміткер. Бірақ,  сайыстың аты сайыс болғандықтан, тек ғана бабы мен бағы қатар келген  робот  ғана  жеңіске жетері сөзсіз.   

Автор: Өзгеріс Қуанар

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...