ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

«JASTAR KERYENI» – ПАВЛОДАРДА

10:27, 14 тамыз 2019

Биылғы жылы алғаш рет «Jastar keryeni» республикалық жобасы өз жұмысын бастады. Бүгін алғашқылардың бірі болып, белсенді білікті құрамнан құралған жастар керуені Ертіс-Баян өңіріне ат басын тіреді. Алдағы 5 күн бойы Павлодар облысының көрікті орындарын, қасиетті жерлеріне саяхаттайтын болады

Жастар керуені күні кеше Нұр-Сұлтан қаласынан өз жұмысын бастады. Аталмыш жобаның басты мақсаты – қазақ жастарының бірлестігі мен ішкі туризмді дамыту. Жобаға еліміздің әр өңірінен 100 ге жуық жастар қатысты.  Олардың қатарында, дарынды мектеп оқушылары, жастар саясатының өкілдері, блогерлер мен вайнерлер бар. Бір апталық саяхат шеңберінде жастар Қазақстанның ең киелі және көркем туристік аймақтарына саяхат жасап, түрлі экскурсияларды көрулеріне мүмкіндік бар.

Жандос Ақтаев, «Jastar keryeni» жобасының Павлодар облысы бойынша жетекшісі:

Балаларға қасиетті жерлерді көрсетеміз. Оған қосы ең басты Павлодар облысының байлығын, табиғатын көрсетеміз. Ол Баянауыл болсын, Жасыбай барлық жерге барамыз. Маралдыны көрсетеміз. Оған қосы қателеспесем, Баянауылда Қ.Сәтбаевтың музейін де көреміз. Сондықтан да тек қана таибғат пен экскурсиялар ғана емес, соның арасыендағы адламдармен де танысу болады. 

«Jastar keryeni» құрамына ену үшін республика бойынша шығармашылық байқау өткен болатын. 2000 нан астам өтініш түсіп, соның 700 і мақұлданған. Яғни, 700 жас буын еліміздің түкпір-түкпіріне саяхаттауға мүмкіндік алды. Павлодар өңіріне 100 ге жуық жастар келсе, оның 80ге жуығы Жамбыл облысының жастары.

Диана Тоқтарбай, 16 жас (Тараз қаласы):

Өте көп тосын сыйлар, біз Баянауыл, Кемпіртасқа және осы Павлодар қаласын аралаймыз. Қазір мысалы бізде программа бар. Сол бойынша кетеміз.

Роза Райымбекова, 19 жас (Көкшетау қаласы):

Жастар керуені жобасының мақсаты – Қазақстанның туризмін дамыту, және өзіме жылы естеліктер қалдыру. Мен осында супервайзер ретінде келдім. Супервайзер еріктілердің жұмысын атқарып, қарап жүреді.

Осылайша, еліміздің жігерлі жастары өңірді бір апта бойы аралап, рухани қуат алуларына мүмкіндіктері бар. Айта кету керек, аталмыш жоба аясында, Павлодар жастары да Түркістан қаласына саяхатқа кетті.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

                                                                          

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...