ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

«JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

11:19, 21 қаңтар 2020

Павлодар облысында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Облыстық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы ауысты. Бұл қызметке кім лайық деп танылды.

Былтырғы 2019 жыл жастар үшін тиімді болды десек те болады. Бұл бағытта көптеген шаралар атқарылып, «Жастар жылын» жемісті шығарып салған жайымыз бар. Өткен жылы «Жас Отандықтардың» да атқарған жұмысы орасан зор. Жастар қанатына осыған дейін Сәнира Жүсіпова басқарғаны белгілі. Сол уақыттан 21 мыңнан астам адамды қамтыған 700-ге жуық шара өткізілді. Сонымен қатар, «Білім орталығы» және «English for jastar» атты партиялық жобалар жүзеге асырылды.

Сәнира Жүсіпова, «JAS OTAN» жастар қанаты облыстық филиалынның экс-төрайымы:

Партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға және де облыстағы жастар саясатының дамуына «Жас Отан» жастар қанатыөте белсенді қатысты.

Экс төрайым есеп бергеннен кейін облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сөз алып, өз қызметін абыроймен атқарғаны үшін Сәнира Жүсіповаға партия атынан алғысын білдірді. Илья Теренченко өз кезегінде қазіргі жас отан сапында жүргендер болашақта «Нұр Отан» қатарына қабылданатынын тілге тиек етті. Сондықтан, алда атқарылатын шараларға белсене ат салысуға шақырды.

Илья Теренченко, облыстық «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қазір өздеріңіз білетіндей біздің партиямыздар болықтай қайта жүктеу жүріп жатыр. Бұл тек партияны ғана қайта жасақтау емес, бұл біздің қоғамға, өсім сүру әдебімізге өзгеріс енгізу деген сөз. Сондықтан алдағы уақытта сіз бен біз болып талай биіктерді бағындырарымыз сөзсіз.

Сонымен қатар, шара барысында жастар қанатының жаңа төрағасы таныстырылды. Бұл орынға Ғабит Хафиз лайық деп танылды. Ғабит Құрметбекұлы студент кезінен бастап, қоғамдық шараларға белсене араласқан. 2019 жылдан бері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы жастар саясаты департаментінің басшысы қызметінде болған.

Ғабит Хафиз, «JAS OTAN» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

Осында залда отырған жастардың 80 пайызын аты-жөнімен, кім қайда жұмыс істейді?, қандай қызметпен айналысады, барлықтарыңызды білемін. Сондықтан, мен ойлаймын «Жас Отан» ЖҚ бүгінгі күнде республика бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетіп жүрген филиалдардың бірі. Сондықтан осы бір көрсеткішті түсірмей, одан да әрі қарай жаңа жетістіктерге сіздермен бірге жететінімен сенімдімін. Сондықтан бүгін келгендеріңізге, қолдау көрсеткендеріңізге көптен-көп рахмет.

Қазіргі тағда өңір бойынша «Жас Отанның» 6328 мүшесі бар. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында филиалдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 4 кәсіпорын, 4 жоғарғы оқу орыны, 23 колледж бен 7 мектеп қабырғасында бөлімшелері бар. Биылғы «Еріктілер» жылында да бұл ұйымға үлкен міндеттер жүктеліп отыр.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар