ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ІСКЕР ӘЙЕЛ

11:50, 18 қазан 2019

Қыркүйек айының ортасында облыстық іскер әйелдер форумы өткізілген болатын. Достық үйінде өткен жиында өңіріміздегі белсенді қыз-келіншектер бас қосты. Енді өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бір топ нәзік жандылар қараша айының басында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға аттанбақ. Солардың қатарында Ақтоғай аудандық ауруханансының бас дәрігері Гүлбақыт Құрманғалиева да бар.

Гүлбақыт Құрманғалиева Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы. Ақтоғай аудандық ауруханада 2003 жылдан бері қызмет атқарады. Алғашында жас маман болып келген ақ халатты абзал жан бүгінде бүтін бір аурухананы басқарып отыр. Өз жұмысына жауапты, білікті дәрігер қызметке орналасқан уақытын былай еске алды.

Гүлбақыт Құрманғалиева, Ақтоғай аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Аудандық аурухананың бас дәрігері қарсы алды. біз сенбі күні келдік. Сенбі күні больница жұмыс істемейді. Дегенменеде бізді қарсы алды. ауданмен танысайық, дүйсенбіге дейін уақыт бар ғой деп жүргендебір үлкен әжеміз шығып, осы аудаға қайдан келдіңіз, неге келдіңіз, жұмыс істей аласың ба жас маман болып, деп бірақ қорқытып тастады. Содан жолдасыма айтамын дүйсенбіге дейін уақыт бар ғой кете қалайышы.

Содан бері 16 жыл өтіпті. Ақтоғай жеріндегі еңбек жолы балалар дәрігері қызметінен басталады. Бойында жігер оты жалындаған жас маманның болашағынан үлкен үміт күтетінбіз,- дейді әріптестері.

Дәмежан Байбосынова, медбике: 

Детский поликлиникада педиатр болып иістеді. Содан кейін өзін жақсы көрсетіп, білімді маман болып. Содан кейін ол кісіні содан кейін ол кісіні бас дәрігердің орынбасары қылып тағайындады. Онда ол 15 жыл істеп, қазіргі кезде біздің бас дәрігеріміз болып жұмыс атқарып жатыр.

Гүлбақыт Құрманғалиева өзінің кәсіби мамандығынан бөлек қоғамдық шараларға да белсенді ат салысады. 2016 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. Бұл бағытта да атқарған шаруасы мен жеткен жетістігі қаншама. Депутаттық салада атқарған 4 жылдық қызметі үшін «Алтын қыран» төс белгісімен марапатталған.

Гүлбақыт Құрманғалиева, Ақтоғай аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Халықтың қолдауымен осы 2016 жылы ақтоғай ауылының М.Горький участогы бойынша аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. Өте қызық жұмыс. Өзіміздің жұмысымыздан басқа бірінші біздің мақсатымыз енді депутат болғаннан кейін жергілікті атқарушы билік пен халықтың арасында тығыз байланыс, олардың проблеммасын көтеру.

Бүгінгі кейіпкеріміз қыркүйек айында өткен ауылды жердегі іскер әйелдер форумында да жан-жақтылығымен көзге түскен. Енді қараша айында Елордада өтетін конференцияға дайындық үстінде. Үйде  - аяулы ана, қызметте – білікті басшы болашақта талай белестерді бағындыратынына біз де кәміл сенімдіміз. Тек, өмір жолы жарқын болғай!

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...