ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

ИІСШІЛ ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН 160 ҚЫЛМЫС АШЫЛҒАН

20:29, 11 сәуір 2019

Павлодарда полицияға қызмет көрсететін иісшіл иттердің көмегімен 160-қа жуық қылмыстың беті ашылған. Оның ішінде 35 оқиға есірткіге қатысты. Құқық қорғаушыларға серік болып қоғамдық тәртіпке үлес қосқан төрт аяқты адамзат досы марапатқа ие болды. Бүгін Павлодардағы кинология орталығында иісшіл иттерге құрмет көрсетілді.

Кинолог мамандардың қызметі оңай емес. Күн сайын иттерін ветеринарларға тексертіп, жаттығуларға апарады. Қазір орталықта полицияның төрт аяқты 29 көмекшілері бар. Иттердің тұқымдары да әр түрлі. Неміс және бельгия овчаркалары, лабрадор, спанели дегендей. Лабрадор тұқымдас Рио есімді мына ит полицияға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанына бес жыл болды. Талай мәрте есірткі бизнесінің жолын кесті.   

Қуанышбек Қабжанов, кинология орталығының басшысы

Былтыр, РИО деген қызметтік ит бізде өте үлкен партияны ұстап алды Екібастұз қаласында. 3 мың гараж болды. Сол гаражды тауып, есірткі затын 345-355 киллограмдай кептірілген марихуана затын бізге тауып берді бізге осы ит.

Кинология – маңызды салаларының бірі. Бұл қызмет иелері өздерінің дене жаттығуымен бірге жанындағы тіл алғыш итінің дайындығына да жауапты. Адамның досы саналатын төрт аяқты мақұлық, өз иесі мен ісіне адал. Қылмыскерлерді ұстаған кезде қолынан ғана тістеп, иесі келгенше жібермейді.

Айбек Сапарғалиев, кинолог маман

Бұл иттің қызмет атқарғанына 5 жыл болды. Қазір маған итсіз өмір жоқ. Оларсыз жұмыс қызықсыз сияқты. Рио мінезі салмақты, момын және достықты сүйетін ит. Бүгін Рионы есірткі тауып алғаны үшін марапаттады.

Бүгінгі марапатталған қызметтік иттердің барлығы да қылмысты ашуға өз үлестерін қосқан. Адамдар секілді сөйлей алмағанымен түйсіктері бар хайуандар өздеріне көрсетіліп жатқан сый құрметті сезетіндей.

 

Малика АХМЕТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар