ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ХҚКО УАҚЫТЫ ӨЗГЕРДІ

19:50, 25 маусым 2020

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің артуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтардың жұмыс кестесі өзгертілді. Мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан артығы онлайн түрде көрсетіліп, жұмыс уақыты қысқартылды.

Елдегі пандемиялық жағдайдың тұрақтамауына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қысқартылды. Бұған дейін таңғы 9-дан кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасаса, 24-маусымнан бастап 17:00-ге дейін жұмыс атқарады. Орталықтағы қызметкерлер санитарлық нормаларды сақтай отырып, келушілерге көмек көрсетуде дейді, орталық мамандары.

Рахат Қасенов, Павлодар қалалық №2 ХҚКО бөлім меңгерушісі:

Пандемияға байланысты 24 маусымнан бастап  Павлодар облысының бас дәрігерінің қаулысы бойынша қызмет көрсету орталықтарында жұмыс кестесі өзгертілген. Оны Павлодар қаласы, Екібастұз қаласы қызмет көрсету орталықтары 9дан  17:00ге дейін жұмыс жасайды. Сенбі күні 9дан 14:00ге дейін жұмыс жасайды. Қызмет алушылардың әрқайсысының дисстонциясы сақталуда. Бір метрді құрайды.

№ 2 халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ара қашықтықты сақтай отырып, жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын «egov.kz» порталы және telegram-бот платформасы арқылы алуға болады.  Өзге де сауалдар бойынша 1414 колл орталығы жұмыс жасап тұр. Қызмет алушылар қызмет көрсету орталықтарына келмей, үйде отырып-ақ, қажетті құжат түрлерін электронды түрде алуға мүмкіндіктері бар.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар