ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ХИТКЕ АЙНАЛҒАН ЧЕЛЛЕНДЖ

12:27, 5 желтоқсан 2019

Павлодарлық оқушылар еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастады. №25 мектеп оқушыларының орындауындағы «Мен Қазақпын» әні әлеуметтік желілерде хитке айналып, жағымды пікірлерден көз сүрінеді.

25 мектеп оқушыларына челленджді «Жебе» және «Қағандық» қоғамдық бірлестіктері жолдаған. Эстафетаны бірден қабылдаған білім беру ошағы жасаған челлендж талайды тамсандырды. Тіпті, білім және ғылым министрлігіне де жеткен.  

Данияр Жұмаділ, «Jebe» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Қазір біздің естуімізше, ғылым және білім министрлігіне осы челлендж жайында ақпарат жеткен. Республика көлемінде білім ошақтарына таратып жатқан көрінеді. Күні кеше 25- ші мектеп, бүгін 19-шы мектеп іліп әкетіп, челледжге атсалысып жатыр.

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеодан 800-дей оқушының Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқағанын көруге болады.

Ахметәли Сапарбек, 5 сынып оқушысы:

Маған бұл ән өте қатты ұнайды. Бұл әнді естігенде, қазақ еліне, жеріне деген сүйіспеншілігім арта түседі. Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын. Мен өз елімнің патриотымын.

Әлеуметтік желіде бұл видеоны 10 мыңнан астам адам көріп, 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды. Пікір жазушылардың да легі қалың.                                                                                          

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...