ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ ЕМШІСІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫ

19:16, 24 маусым 2019

Емшілігімен аты шыққан қасиетті Үміт апа Ақтанқызының биыл 95 жылдық мерейтойы. Осыған орай шипагердің өзі өмір сүрген Павлодар ауданының Үміт апа ауылында дүбірлі той ұйымдастырылды. Шараға барып Ел арасына “Үміт апа” деген есіммен белгілі болған танымал халық емшісі көзі тірісінде дертіне шипа іздеген талай адамды аяғынан тік тұрғызған.

Мерейтойға жергілікті тұрғындармен қатар, апаның шипасын көрген халық  жан-жақтан ағылды. Солардың қатарында осыдан 24 жыл бұрын Үміт апа жұбайын ауыр дерттен арылтып, өзінің намазға жығылуына себепкер болған Болат Әнуарбекұлы да бар . Жылына 30-35 мың науқастың дертіне дауа берген  Үміт апа емшілігімен қатар, қайраткерлік қасиетімен де халық жадында қалды.  Тоқырау жылдары ауылдың жарығын өшіртпей, отыны мен асы жоқтарға қол ұшын берді. Ауылға мешіт салдыртып, балаларды оқытқан қамқорлығын ел аңыз қылып айтады. Бұл күні апаның таяғын қызы Бақыт Рахметоллақызы ұстап, халықты емдеуде. Тойға жиылған қауымға Үміт апа жайлы естелік айтылып, концерт қойылды. Үміт апа аруағына құран бағыштап, ас берілді. Сондай-ақ, бәйге ұйымдастырылды.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
14:06, 25 ақпан 2020
ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЖҰМАСЕЙІТ БИЖАН 80 ЖАСТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...