ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

12:24, 21 ақпан 2020

«Ertis» телеарнасы Ұлы Отан соғысының куәгерлері туралы айтуды жалғастырады. Ұлы Жеңістің 75 жылдың мерейтойы қарсаңында, тілшілеріміз ардагерлермен олардың туыстарымен кездесіп, сол қиын-қыстау кезеңдер туралы естеліктер жинайды.

Ольга Назарова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Біздің бөлім аэродромға қызмет көрсетететін 390-шы батальон болды.
Соғыс жылдары екінші белоруссиялық майданда тұрдық. Сталинградқа жеттік, Сталинградтан Германияға жетіп, сол жерде бес жыл тұрдық.

Ольга Назарова Бірінші Беларусь майданында, авиациялық полктегі 390-батальонның радио операторы болған. Қаншама жылдар өтсе де қорқынышты сәттер оның жадында мәңгі сақталып қалды дейді ардагер. Сұрапыл соғыс оның денсаулығына із қалдырды.

Ольга Назарова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Біз Берлинге бара жаттық, Беларуссияда қамыстар биік екен, ал жердің барлығы су болды. Ал біз сол суға түсіп қалдық. Үш күн судың үстінде тұрдық. Суық судың кесірінен қазір аяғым ауырады, жүре алмаймын.

Ольга Филипповна жеңісті Германияда қарсы алды.

Ольга Назарова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Германияда жеңісті қарсы алдық. Өте қуанышты болдық, көзден жас тамып, қуаныштан жыладық. Осы күнге дейін болған қасіреттің барлығын ұмытып кеттік. Шаттанып естідік жеңіс күнін.

Соғыс аяқталған соң, жас қыз отанына оралып, бес жыл бойы жұмыс таба алмай жүрді. Себебі, құжаттары соғыста жоғалып кеткен. Майданда болды дегенді дәлелдейтін қағаздың болмағаны оның жұмыс табуына кедергі болды. 60-жылдары тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға көшіп келіп, Ертіс-Баян өңірінде қалады. Осы жақта болашақ күйеуін кездестіреді. Отбасылы болып, екі баланың анасы атанады. Осыдан кейін, құжаттарын қалпына келтіріп, тұрғын үй алу кезегіне тіркеледі.

Ольга Назарова, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Мені әскери бөлімшеге шақырды. Өйткені, Подольск қаласынан хат келген.  Жоғалған құжаттарымды жедел қайтаруға бұйрық беріпті.  Мен ести сала, көзіме жас келді. Жыладым. Қатты қуандым.

Ольга Филипповна жақында 98 жасқа толды. Бір өкініштісі, жыл сайын, аймағымыздағы соғыс ардагерлерінің саны азайып барады. Бірақ, елімізде тұратын бейбіт күнге жеткізген ардагерлеріміздің есімі ұмыт болмайды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...