ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

14:44, 3 наурыз 2020

Ұлы Жеңіс күніне дейін 68 күн қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай біз ардагерлерді ұлықтауды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз солтүстік-батыс және украин майдандарында болып, Германияның Баузен қаласында жеңісті қарсы алған соғыс ардагері Николай Поддубный туралы баяндаймыз.

Николай Григорьевич Поддубный Павлодар қаласында өзі жалғыз тұрады. Оның туыстары алыста. Ұлымен, үш немересі Молдова еліне көшіп кеткен. Майдангер алты жылдан бері денсаулығына байланысты көшеге де шықпаған. Осыған қарамастан, өзін сергек сезінеді, арасында әзілдеп те қояды.

Николай Поддубный, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Мен бойдақ болған кезімде, қанша немерелерім болатынын білген жоқпын. Балам зейнеткерлікке шыққанына 6 жыл болды. Немерелерім үйленіп, қазір отбасылы. Тіпті шөберелерім де бар.

1943 жылы 18 жастағы Николай Омбыдағы танкі мектебіне оқуға барады. Сол жақтан бірден соғыс майданына аттанған.

Николай Поддубный, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Танкі дегенде жүрегіміз жарылып кете жаздады. Бұйрық болғандықтан, ештеңеден қорықпай, алға жылжуымыз керек еді.

Соғыстың соңына қарай, Николай Поддубный Германияда болып, Жеңсіті сол жерде қарсы алды. Айта кетерлігі, майдангер жауынгердің  «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және Кеңес одағының маршалы Жуковтың медалімен, сондай-ақ, «Екінші дүниежүзілік соғыс» орденімен марапатталған.

Николай Поддубный, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Мен соғыс жылдары байланыс құралдарында жұмыс атқардым. Фронт пен ротаның арасында жүрдім. Барлық кезде мен олардың нұсқауларын жеткізіп отырдым. Арасында мен үш күн бойы тамақ ішпейтін кездерім де болды. Себебі, Германияда болдық. Тамақ ішетіндей уақыт та болмады ол кезде.

Соғыс аяқталған соң, ардагер Новосібірге қайтып келеді. Сосын оны жұмыс бабымен Павлодар облысына жібереді. Ертіс-Баян өңірінде өзінің жарын кездестіріп, содан бері осы жақта қалып қойды. Әйелі өмірден озған. Қазіргі таңда, соғыс ардагері өзі жалғыз тұрады.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар