ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ Толығырақ

ЕРТІСТЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

15:16, 13 сәуір 2018

Тақырыпты жалғастырайық. Бүгін Ертіс ауданында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Елбасының бағдарламалық мақаласының 1 жыл толуына орай құрылған кабинетте еліміздің бай тарихы мен мол мұрасы жинақталған. Мұнда Ертістің өңірінің танымал тұлғаларымен қатар «100 жаңа есім» жобасына енген жерлестеріміз туралы да толымды мағлұмат берілген. Тақырыпты толығырақ тілшіміз Өзгеріс Қуанар жалғайды.

Ертіс өңірі ежелден танымал тұлғаларға бай мекен. Сондықтан, ауданның мақтан тұтар тұлғаларын кейінгі жастарға таныту басты мақсат. Осы орайда ауданда алғашқы «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Бұл енді еліміздің тарихынан сыр шертіп, өскелең ұрпақтың рухани азықпен сусындайтын ордасына айналмақ.

СЕРІК БАТЫРҒОЖИНОВ, Ертіс ауданының әкімі

Рухани жаңғыру кабинеті оқу орнымыздың даму тарихын, тарихи және мәдени естеліктерін сақтау мен оқушылардың ұлттық мақтанышын қалыптастыру, сондай-ақ, патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылып отыр.

Мектеп қабырғасынан ашылған кабинетте Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлер картасы мен қазақ әліпбиінің шығу тарихы, сондай-ақ,  Ұлт мақтаныштарынан бастап бүгінгі күннің 100 жаңа есімі де атап көрсетілген. Бұл аудитория енді жастарды таңбалы тарихымен танысып, таным көкжиегін кеңейтуге жол ашпақ.    

АЙНҰР  СӘРСЕНОВА, Ертіс аудандық №2 орта мектептің директоры

Алдағы уақытта бұл кабинеттің бізге бері оқушыларымыздың білімін де тәрбиесін де, рухани өздерінің жаңғыруын да, және де қазағымыздың салт дәстүрін дәріптеу де негізгі мақсат болады деп ойлаймын. 

Болашақта  Рухани жаңғыру кабинеті пән сабақтарын өткізетін орын ғана емес, тағылымды  тәрбие беретін мекенге айналады. Ол үшін мектеп әкімшілігі оқушылармен кездесуге өңірімізден 100 жаңа есімге енген тұлғаларды да шақырмақ. Шара соңы  әсем әнге ұласып, қолтаңба кітапшасына тілек білдірумен  аяқталды. 

Өзгеріс ҚУАНАР

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, Рухани жаңғыру, Ертіс ауданы, 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
23:00, 13 шілде 2018
ОБЫР ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚОС СӘБИГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
21:39, 13 шілде 2018
«ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЛИЗ ЗАУЫТЫНДА» ҚҰРМЕТ ТАҚТАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

22:19, 10 шілде 2018
ЕРТІС ФК ДИМИТАР ДИМИТРОВ ҚАЙТА ОРАЛДЫ
Толығырақ...
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
20:30, 10 шілде 2018
МӘЖІЛІСМЕНДЕР ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
14:23, 9 шілде 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ
Толығырақ...